Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет28/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53

Дəріс № 3.


Тақырыбы: Қазақстандағы шағын жинақты мектептердің құрылуы
Мақсаты: ШЖМ əлеуметтік жағдайымен таныстыру. Тірек ұғымдар: əлеуметтік-педагогикалық жағдай. Дəрістің мазмұны:

    1. ШЖМ туындайтын мəселелер.

    2. Шағын жинақты бастауыш мектептің тарихы мен қазіргі жайы

Жастарға жалпы орта білім беруді жүзеге асыруда негізгі жəне орта мектептермен қатар, бастауыш мектептердің, оның ішінде шағын комплектілі мектептердің атқаратын ролі орасан зор.
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер – қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның əлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық жəне географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 – бастауыш, 979 – негізгі жəне 2413 – орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың – негізгі жəне 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш жəне негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда «Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы жəне олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында» қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан əдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру əдістемесі 1974-78 жж. «ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен əдістемесін жетілдіру» атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Шағын жинақты бастауыш мектепте математиканы оқыту əдістемесі де кез-келген ғылым саласы сияқты екі жағдайда дамиды. Оның біріншсі - əдіскер, психолог, педагог
сияқты ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нəтижесінде жүзеге асса, екіншісі – кейбір мұғалімдердің шығармашылық тəжірибелерін оқып үйренудің, оларды ғылыми түрде негіздеу, жалпылау арқылы жүзеге асады.
«Ы.Алтынсарин орыс - қазақ мектептері үшін математика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектебінде қолданылып жүрген оқу- құралдардың ең жақсыларын енгізуге тырысты»-дейді Б.М.Қосанов.
ХХ-ғасырдың басында М.Əуезов, А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жаңа сатыға көтереді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. Соның нəтижесінде Қазан төңкерісіне дейін-ақ математика пəндерінен төл оқулықтар қазақ балаларының қолына түсе бастады. 1920-1930 жылдары математика пəнінен оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдар дайындауға М.Дулатұлы, С.Қожанұлы, К.Жəленұлы, Қ.Сəтбаев т.б атсалысты. Сөйтіп, сол заман тұрғысынан қарағанда, қандай да деңгейде болмасын білім дəрежесі көтеріліп, жүйеленіп бір ізге түсе бастады.
1930 жылы жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мəскеу шенеуніктерінің қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл істі пышақ кескендей тыйды. Яғни, математика құралдары тек қана орталыққа дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалануды міндеттеді. Мұндай əрекетке ғалым-педагогтар тарапынан қарсылық болды.
1970-1980 жылдары шағын жинақты бастауыш сыныптағы оқыту əдістемесін зерттеуге белсене кіріскен ғалымдарымыздың бірі – Б.Құлмағанбетова. Ол мақалаларында мұғалімге көмек ретінде əдістемелік нұсқаулар беруді мақсат ете отырып, қазақ тілі сабақтарында өздігінен орындалатын жұмыстардың түрлері мен оны ұйымдастыру жолдарын көрсетуге баса мəн береді.
1974 жылы Б.Құлмағанбетованың «Аз комплектілі мектепте сабақты ұйымдастыру» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте мынандай мəселелер қарастырылды: 1) аз комплектілі мектептердің қазіргі жайы; 2) аз комплектілі мектептерде жұмыс түрлерін ұйымдастыру; 3) аз комплектілі мектептерде сабақты ұйымдастырудың əдіс-тəсілдері; 4) аз комплектілі мектептерде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. Автор алдымен шағын жинақты бастауыш сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің іс-тəжірибелеріне шолу жасай келіп, əрбір сыныпта оқылатын тақырыптарды, оларға қатысты материалдарды, көрнекі құралдар мен əдістемелік жаттығуларды орынды пайдаланып, жұптасқан сабақтардың құрылысын, өздік жұмыстардың түрлерін, көлемін, оған кететін уақытты т.с.с дұрыс белгілеп алса, мұндай мектептердегі оқу-тəрбие жұмысы нəтижелі болады деген қорытынды жасайды.
1980 жылы Ш.Əуелбаевтың «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» атты еңбегі жарыққа шықты. Автордың бұл еңбегі шағын жинақты бастауыш сынып мұғалімдері үшін қиындық келтіріп отырған қазақ тілі сабақтарының мазмұнын анықтау мəселесін шешуге байланысты жасалған алғашқы əрекет болып есептеледі. Өйткені бағдарламада үлкен тақырыптарға арналған сағат сандары ғана көрсетіледі де, əрбір жеке сабақтың мазмұнын белгілеу үлкен қиындық туғызады. Сондықтан бұл құралда қазақ тілі сабағының мазмұны мен көлемі анықталып, оның толық жоспарлау үлгілері берілген.
1981 жылы басылып шыққан А.Асқарбаева мен Г.М.Храпченковтың «Шағын комплектілі мектептегі оқытудың мазмұны мен əдістері» деп аталатын еңбегінің маңызы аса зор болды. Бұл құралдағы көңіл аударарлық мəселе – шағын жинақты бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарын бір пəндік жүйемен жоспарлағанда қатар сыныптарда тақырыбы мен мазмұны жағынан жақын, бір-біріне ұқсас материалдарды іріктеп алып, жұптастырып, бір мезгілде өткізудің тиімді болатындығы. Осы тұста шағын жинақты мектептегі оқыту мəселесіне қатысты əдістемелік нұсқаулар да пайда бола бастады. Атап айтқанда: Қ.Аймағамбетованың «Аз комплектілі бастауыш мектептерде табиғаттануды оқыту», М.Сайпиннің «Шағын комплектілі мектептерде математиканы оқыту» (1984),
О.Сатқановтың «Еңбекке үйрету методикасының кейбір ерекшеліктері» (1990) атты еңбектері. Аталған еңбектерде шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшеліктері, жеке пəнді оқыту əдіс-тəсілдері, ұтымды жұмыс түрлері, сабақ жоспарлары тəрізді негізгі мəселелер қамтылған. Олар, негізінен, бір пəннің бір мезгілде өткізілуін қолдап, соған сай бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау үлгісін көрсеткен.
1970-1980 жылдары жоғарыда аты аталған ғалымдар мен кейбір мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Мектеп» баспасынан бірнеше көрнекі құралдар да жарық көрді. Мысалы: «Ана тілінен тіл дамытуға арналған сюжетті картиналар» (1976), «Аз комплектілі мектептер үшін грамматикалық таблицалар» (1979), «Ана тілінен үлестірмелі картиналар» (1981). Бұл еңбектерден шағын жинақты мектептегі оқу-тəрбие ісі жалпылама сөз болмай, негізгі жұмыс түрлері көбірек қамтылып, нақты нұсқаулар беріле бастағанын байқаймыз. Бірақ, тек қана 1980 жылдары Самарқан Егізбаев, Төлеген Оспановтардың батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен əдістемелік құрал мəселесі Мəскеу ғалым-педагогтармен келісілді. Соның нəтижесінде 1986 жылы қазақ баласының табиғатына жақындау математика пəнінен оқулықтар шыға бастады. Бірақ бұл мəселе шешімін Мəскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мəселе алға жылжыды.
Еліміздің тəуелсіздік жолындағы күресі мен оған ие болуы ұрпақ тəрбиесі мəселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай, қайта қарауға мүмкіндік берді. Соның арқасында жəне мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтын азаматтардың жігерлі қимылының негізінде Республика мектептері 1992-1993 оқу жылынан бастап төл оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерге көше бастады. 1996-жылғы 26-маусымдағы № 1173-қаулысына сəйкес республика мектептерін жаңа буын оқулықтары мен оқу- əдістемелік топтамалармен қамтамасыз ету мақсатты бағдарламасы қабылданды. Осының негізінде 1997-1998 оқу жылынан бастап, барлық тілдегі бастауыш мектептер толығымен жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз етілді.Бұл құралдар ҚР бастауыш білімнің мемлекет стандартының негізінде дайындалған бағдарламаға сəйкес жазылған, қазіргі кезде негізгі құрал болып саналады.
Білім жəне ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дəріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы «ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде» əдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сəйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Тəуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет