Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет36/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53

Дəріс № 10.


Тақырыбы: Мұғалімнің жетекшілігімен жəне өздігінен орындалатын жұмыстар. Мақсаты: Мұғалімнің жетекшілігімен жəне өздігінен орындалатын жұмыстардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Тірек ұғымдар:өзіндік жұмыс, топшамалар, үй тапсырмасын орындауға берілетін уақыт.

Дəрістің мазмұны:


    1. Өзіндік жұмыс жəне оған қойылатын талаптар.

    2. Өзіндік жұмыстың түрлері.

Мұғалім оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс түрлерін пəн ерекшелігіне, тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруы қажет.
Оқу үдерісі екі жақты үдеріс болғандықтан, оқушылардың өздік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен жасайтын əрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б. ) оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшелігі – олардың ықыласы мен өз еркімен əрекет жасауына байланысты деп санайды.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, оқытушы оқушылардың дара ерекшелігін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн, орындалған жалпы жұмыстың қорытындысын, қалай қорытқанын тексеру керек.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды ескерген
жөн:

  1. Оқушылардың өздік жұмысының мазмұнын анықтау (берілетін білім жəне оны міндеттері).

  2. Өздік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау, қолданылатын амал-тəсілдерді белгілеу.

  3. Оқушыларға жұмысты ойдағыдай аяқтауға бағыт беріп көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру).

Өздік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

    • жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • оқушылардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыру білу;

    • оқушылардың дербестігін арттырып, өз бетімен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту.

Өздік жұмыстың мазмұнына мүмкіндігінше күнделікті өмірден алынған материалдарды, мəліметтерді, хабарларды енгізіп пайдалану.
Жаңа оқу жылына бір апта қалғанда, бала саны анықталып, сынып комплект құрылып, оқу-тəрбие үдерісінің жылдық жоспары, математикадан жылдық күнтізбелік жоспар жəне оқу кестесі жасалады. Сабақтың жақсы өтуі үшін оған жан-жақты дайындық жəне оны шеберлікпен өткізу қажет. Сабаққа дайындалмас бұрын мұғалім өтілетін материалды жан- жақты меңгеріп, оны өткізу əдістемесімен таныс болуы тиіс. Мұғалім қатар жүргізілетін сыныптардағы сабақтың барысын алдын-ала ойластырып, өз жұмысының əрбір деталін жоспарлауы тиіс, əсіресе, оқушылардың өздік іс-əрекеті ойластырылуы тиіс. Содан соң сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды, яғни көрнекі құралдар, мəтіндер, жаттығуға арналған сұрақтар мен мысалдар, дидактикалық материалдарды дайындап алып, содан кейін ғана сабақ жоспарын жасауға кірісуі керек. Кейінірек сабақтағы əр түрлі жұмыстар қандай ретпен өтілетіндігін анықтайды. Соңынан жазылған сабақ жоспарын тексеріп алу қажет.
Сабақты жоспарлау кезінде сабақты қай сыныптан бастау керектігі анықталуы тиіс. Ал сабақты өткізу кезінде жазылған жоспардың орындалуы қадағаланып, оқушылардың өзіндік жұмысын мұғалімнің тікелей басшылығымен жасалатын жұмыс түрлерімен алмастырып отыру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет