Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет29/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53

Дəріс № 4.


Тақырыбы: ШЖМ оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері. Мақсаты: ШЖМ оқыту үрдісіндегі мəселелер жөнінде түсінік қалыптастыру. Тірек ұғымдар: ШЖМ мəселелер, Оқыту үрдісі, оқыту технологиясы.

Дəрістің мазмұны:


  1. ШЖМ оқыту технологиясының құрылымы, негізгі белгілері

  2. ШЖМ білім беру сапасын ұйымдастыру жолдары

  3. ШЖМ білім беру үрдісі нəтижелері

Шағын кешенді мектепте оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Жалпы білім беретін мектептердегідей шағын кешенді мектептерде


де құжаттар мен талап бірдей қойылады. Сондықтан да мектептердегі мұғалімдердің жұмысы ауыр. Бірнеше пəннен біріктірілген сабақтар беруге, 1-4 сыныптарда 4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім сабақ береді. Егер бірінші сынып оқушылары ең болмағанда екі тоқсан жеке оқыту қажет болса, 4 сынып оқушыларын жеке оқытқан тиімді. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты музыка, дене тəрбиесі сабақтарын біріктіріп оқытуда келесі мəселелер жоқ емес, біріктіріп оқытуға болмайтын мəселелер де кездеседі. Келесі қиындық – шағын кешенді мектептерде кадрлардың тұрақталмауы. Оған ең бірінші себеп жүктеменің жеткіліксіздігі.
Орта арнаулы мектеп мұғалімдері оқушыларға білім беруде жіберген кемшіліктері мен жетістіктерін бір сабақ жоспары мен бірнеше сыныпқаенгізгендіктен бір күнге ғана білсе шағын кешенді мектеп мұғалімдері үш жылда біледі.
Келесі қиындық шағын кешенді мектепте мұғалім əр түрлі жастағы оқушыларды оқытатындықтан бірнеше деңгейдегі бағдарламамен жұмыс істеуі керек. Берілген оқу бағдарламасымен əрбір сыныпты бөлек оқыту мен біріктірілген сыныптарды оқытудың арасындағы қиындықтар өте көп.Келесі қиындық, шағын кешенді мектептерде көпшілікке араласпағандықтан оқушылардың мінезі ұяң келеді.Бұл қиындықтар материалдыққиындықтар да қосылады.
.Шағын кешенді мектептерде оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастырудың артықшылық жақтары да баршылық:

    1. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Ата-аналармен қатынас орнату, сол арқылы оқушының дамуына əсер ететін факторларға көңіл аудару.

    2. Оқушының тілек-талабы жəне қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар жəне факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай мол.

    3. Оқу материалын толық меңгеру – оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктеріннақтылы ескере отырып оқу ісін жақсартуға мүмкіндік бар.

    4. Шағын кешенді мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге, қорытынды жасай білуге үйрету мүмкіндіктері мол.

    5. Сыныптағы оқушылардың аздығы олардың əрқайсысының оқу материалын меңгеріп, білім сапасын, дағды-біліктерін жəне танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті.

    6. Оқушыларды еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға бағыт беруге жағдай бар.

    7. Шағын кешенді мектепте оқушыларға табиғатты қорғауға, оны аялау, эстетикалық тəрбие, патриоттық тəрбие беру мəселелеріне жағдай жақсы.

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тəрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас жəне оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мəселелері бұндай мектептердің мəнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15- тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20
оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.
«ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тəртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6)) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тəрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі»,- делінген.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты – бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тəрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-əрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

  • өздік жұмысты мұғалім əр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;

  • сабақтың екінші ерекшелігі – тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;

  • осы екі ерекшелік – ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.

Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
ШЖБМ-тегі оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:

      • бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ əрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның əр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы əр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.

      • бір сабақтың үстінде мұғалім əр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дəрежесі əр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;

      • шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тəжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.

      • мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау əдіс-тəсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау əрбір оқушыға түсінікті болуы керек жəне де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

ШЖМ-нің бірнеше өзіне тəн тиімді жақтары да бар:

      • балалардың саны аз, сондықтан мұғалім əрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.

      • дəптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.

      • оқушылардың тəртіп бұзушылығы аз болады.

      • оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.

      • бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.

      • əрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.

      • аталмыш мектеп мұғалімі пəнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.

ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кешшіліктері, кері жақтары да бар:

      • мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, əрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;

      • сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;

      • мұғалім əрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;

      • мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;

      • өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;

      • белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;

      • оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері əсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет