Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет40/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53

Дəріс № 14.


Тақырыбы: ШЖМ білімді бақылау мен бағалаудың ерекшеліктері.
Мақсаты: ШЖМ білімді бақылау мен бағалаудың ерекшеліктерімен таныстыру.
Тірек ұғымдар: білімді тексерудің қызметі, білімді тексерудің критерилері.

Дəрістің мазмұны:


  1. Оқушылардың бағаларын есепке алу.

  2. Бақылау мен бағалаудың психологиялық-педагогикалық тиімділігі.

  3. ЖМ білімді бағалаудың ерекшеліктері.

Оқыту үдерісінің маңызды компоненттерінің бірі – оқушылардың білімін бағалау жəне есепке алу. Олар оқу үдерісін мұғалімнің дұрыс ұйымдастыру басшылығына байланысты. Бағалау деп оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нəтижені, білімнің, біліктің жəне дағдының сапасын анықтауды айтады. Ал есепке алу – бұл оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушылар мен оқытушының жұмысын жинақтап қорыту. Үлгерімді бағалаудың білімділік жəне тəрбиелік маңызы бар. Білім беру мағынасы - оқушылар объекті білім алады, ой-өрісі кеңиді, ғылыми көзқарасы қалыптасады, іскерлікті, дағдыны игереді.Тəрбиелік мағынасы - объективті бағалау жеке адамның қасиеттерін қалыптастыратын құрал.
Білімді, білікті жəне дағдыны тексеру мен бағалау танымдық іс-əрекет кезеңдерінің бірі болады. Бұл жерде негізгі мақсат – оқушылардың оқу жұмысын бақылау, олардың үлгерімін жəне оқытудың кері байланысын есепке алу. Оқушылардың білімін бағалау үшін мынандай жағдайларды ескеру қажет:

  • оқушы білімінің жақсы жақтарын жəне кемшіліктерін дəлелдеу;

  • баға əділетті болуы қажет;

  • əрбір баға –бұл тек қана білімді есепке алу емес, ол шын тəрбиелік құрал;

  • бағаны жазалау құралы есебінде қарастыруға болмайды;

  • оқушылар білімін тексеруді жəне бағалауды сабақтың əрбір кезеңінде іске асыру керек.

Шағын жинақты бастауыш мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау - өте күрделі мəселе. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін арнайы тексеруге уақыт қалдырмаса да болады, бірақ үй тапсырмасын тексеруді алдын-ала қоңырауда көмекші- лаборанттың көмегімен іске асыруға болады. Сонымен бірге, оқушылар жұмысының барысын өзі бағалай жəне дұрыс бағалай білуге үйрету абзал. Өз жұмысын бағалай білген оқушы өз сыныптастарының, өзінен кіші сынып оқушыларының еңбегін тексеріп, бағалауға үйренеді. Оқушы өз жұмысын мұғалімге тапсырмас бұрын тексеріп, өзгенің жұмысын тексеріп, бағалап, мұғалімнің бағасымен салыстырады. Сонымен бірге, берілген өзіндік жұмысты да міндетті түрде тексеру қажет. Ол жұмысты тексеру кезінде тек қана оның қорытындысы тексерілмей, сол қорытындыны шығару үшін қалай жоспарлағаны, қандай тəсілдер қолданып орындағаны, өзінің қалай тексеріп отырғандығын – осының бəрін ескеріп, бағалаған жөн.
ШЖБМ мұғалімдері оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалауда өз тəжірибелерінде əр түрлі əдістерді жəне құралдарды қолданады. Көпшілік жағдайда тапсырмалар əр оқушыға жеке-дара түрде беріледі де, мұғалім тапсырма орындала салып, өз қолындағы жауаптармен іле-шала тексереді. Сондай-ақ тапсырма жауаптары перфокарта түрінде дайындалып, оқушының жауабы соның ішіне салынады. Кейбір мұғалімдер оқушылардың білімдерін бағалау үшін алдын-ала дайындалған геометриялық фигураларды, суреттерді (ұшақ – «5», жеңіл машина – «4», ат –«3», тасбақа – «2» суреттері), жетондарды пайдаланады.
ШЖБМ оқушыларының білім, білік жəне дағдылар деңгейін бағалау кезінде тест əдісін қолданудығ да ролі өте зор. Тест əдісін қолданғанда оқушының жасын ескеріп, оларды жаңалыққа үйрету, ізденіске талпындыру, жинақылыққа, шапшаңдыққа, өзін-өзі тексеруге, қатесіне көзін жеткізуге, уақытты үнемдеу, салыстыру жəне тексеру дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндіктер мол. Тесттің тақырыптық, тараулық, тоқсандық, жарты жылдық, бір жылдық, қорытынды түрлері болады.
Тақырыптық тест белгілі бір тақырыпты меңгергеннен кейін жүргізіледі. Бұл тесте баланы ойландырып, оның іздену қабілетін дамытатын, аз уақыт жұмсап, нəтижелі қорытынды шығаратынын, логикалық ойлау қабілетін дамытатын, есептеу нəтижелерін салыстыру процестеріне арналған жəне арнайы жетілдіруге іріктеп алынған тапсырмалар болуы мүмкін.
Педагогика ғылымында тестік тапсырмаларды зерттеумен айналысқан ғалымдар В.И.Огорелков, В.С.Аванесов, т.б тестің бірнеше түрлері бар екендігі тағайындаған. Ал кейбір əдіскерлер жəне практик мұғалімдер мектептің бастауыш буынында қолдануға болатын тесттің төмендегідей түрлерін ұсынады.
Біріншісі - білімді қарапайым түрде еске түсіруді жүзеге асыруға арналған “ашық” немесе “конструктивті” тест. Мұнда жауап беруші тестің талабына сай тапсырманы əрі қарай не сөзбен, не санмен, не болмаса графикпен жалғастырады:
Тесттің келесі түрі - тапсырмаға сəйкес келетін жауапты таңдап алу, яғни “сəйкестендіру” тесті. Мұнда тапсырмалар бір бағанға, жауаптар екінші бағанға жазылады да, жауап беруші тапсырма - жауап түрінде жұптап, тізіп жазады
Тесттің кең тараған түрінің бірі-қарама-қарсы жауаптар (дұрыс-қате, ақиқат- жалған, жоқ-иə) көрсетіліп берілетін тест нұсқасы. Мұнда қарама –қарсы жауаптардың дұрысын көрсету қажет болады.
Мектеп тəжірибесінде, көбінесе тестің аралас түрі қолданылады, яғни берілген тестің барлық түрінде орта есеппен 4-5 тапсырмадан құрастырылып беру көзделеді.
Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу жəне бағалау дегенді білдіреді.
Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау жəне өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дəрежесі
туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті жəне білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.
Қадағалауда бағалау /процесс ретінде жəне баға қоюы /нəтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға əсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың əсерімен оқушыда сəйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық- түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тəрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.
Бұл əдісте мынадай түрлерін айырады:
Ауызша қадағалау. Жеке жəне фронталдық сұрау арқылы жүзеге асырылады.
Қадағалаудың қорытындысында тиісті баға қойылады.
Жазбаша қадағалау. Бақылау жұмысы, шығарма, диктант т.б. арқылы жүзеге асырылады.
Лабораториялық бақылау. Лабораториялық жабдықтарды, тəжірибені талап ететін жазбаша жəне графиктік жұмыстарды, эксперименталдық есептерді шешкенде бағалауда қолданады.
Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау. Электрондық-есептеу техникасы, қадағалау бағдарламалары болғанда қолданылады. Қадағалаудың бұл түрі жоғары əділдікпен ерекшеленеді.
Тестілік қадағалау. Мұның негізінде тестілер жатыр.
Өзін-өзі қадағалау. Өзі жіберген қателерін тауып, түзетуге үйрету. Оқытушылық қадағалаудың бір тəсілі – оқушылардың дербес жұмысы. Мұнда мынадай дидактикалық мақсаттар шешіледі: білімді іздеп, оларды ұғыну, бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру жəне дамыту білімді жалпылау жəне жүйелеу.
Білімді тексерудің кезеңдері:

    1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.

    2. Ағымды тексеру. Оның функциясы – оқытушылық.

    3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.

    4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мəнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы – жүйелеу жəне жалпылау.

    5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында жəне оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.

Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет