Бағдарламасы негізінде құрастырылды. ПƏннің ОҚыту бағдарламасы sillabus пəн атауы «Шағын жинақты мектептегі оқыту əдістемесі»



бет37/53
Дата16.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#116053
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53

Дəріс № 11.


Тақырыбы: ШЖМ сабақтардың ерекшеліктері.
Мақсаты: ШЖМ сабақтардың ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру. Тірек ұғымдар: сынып-сабақтық жүйе, сабақ, сабақ құрылымы, сабақ типтері. Дəрістің мазмұны:

  1. Сабақ туралы түсінік.

  2. ШЖМ сабақты ұйымдастыру.

Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы жəне даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; əрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сəйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; əрбір сабақ тек бір пəнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-əрекетінде əр қилы түрлерді жəне формаларды қолданады /іс-əрекеттің вариативтілігі/.
Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мəндік, уақыттық жəне ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.
Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:

  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тəжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді жəне ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;

  • оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын жəне сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-əрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушылар ұғынатын пəнаралық байланысты орнату;

  • бұрыннан оқылған білімдермен жəне іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;

  • тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру жəне белсендету;

  • оқыту-тəрбиелеу іс-əрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы жəне эмоционалдығы;

  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • өмірмен өндірістік іс-əрекетпен, оқушының жеке тəжірибесімен байланыс;

  • практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды жəне іс-əрекеттің тиімді тəсілдерін қалыптастыру;

  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;

  • əрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау жəне жоспарлау.

Дидактикалық талаптар:

  • əрбір сабақтың білім беру мақсатын дəл анықтау;

  • сабақтың ақпараттық толтыруын реттеу, əлеуметтік жəне жекелік сұраныстарды ескере отырып мазмұнды оптимизациялау;

  • танымдық іс-əрекеттің жаңа технологияларын енгізу;

  • əр қилы түрлерді, формаларды жəне əдістерді тиімді ұштастыру;

  • сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;

  • оқушылардың əр түрлі ұжымдық іс-əрекетінің формаларын дербес іс-əрекетімен ұштастыру;

  • жедел кері байланысты, əрекетті қадағалауды жəне басқаруды қамтамасыз ету;

  • сабақты өткізудегі ғылыми есеп жəне шеберлік.

Сабаққа тəрбиелеушілік талаптар:

  • сабақтағы іс-əрекеттің, оқу материалының тəрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тəрбиелік міндеттерді қою;

  • оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тəрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;

  • оқушыларға зейінді жəне сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

Дамытушылық талаптар:

  • оқу-танымдық іс-əрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты жəне белсенділікті қалыптастыру;

  • оқушылардың даму деңгейін жəне психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жəне есепке алу;

  • сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

  • оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, əлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.
Сабақта қолданылатын əдіс түрлері - сөздік, практикалық жəне көрнекілік əдістер.
Бұлардың да түрлері əрбір сабақта, тіптен əрбір сыныпта əр түрлі болуы мүмкін.
ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар: бір пəндік, əр пəндік жəне бір тақырыптық сабақтар.
Бір пəндік сабақ дегеніміз əр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.
Əр пəндік сабақтар дегеніміз математика сабағын басқа бастауыш сынып пəндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір əдіскерлер пəндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, бейнелеу өнері, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пəндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, əн-күй, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пəндерімен біріктіруге болады. Қазақ тілі мен математиканы оқытуда өзбетінше жұмыс істеуді кеңінен қолдануға болады, өйткені оқу, дұрыс жазу, санай білу жəне дұрыс есептей білу дағдысын дамыту көп жаттығу жұмыстарын жүргізуді талап етеді, бұлардың нəтижелі болуы көбінесе оқушылардың өздігінен жұмыс істей алу қабілетіне байланысты.
Ал екінші топқа жататын ана тілі, табиғаттану пəндері жөнінде іс басқаша. Бұл пəндерді оқыту балалардың сабақта өзбетінше жұмыс істеуін керек етпейді емес, қайта бұл пəндер бойынша оқушылардың білімін оқулық бойынша пысықтауды өте-мөте керек етеді. Бастауыш мектеп жасындағы балалармен аталмыш пəндерді оқытқан кезде мұғалімнің ауызекі əңгімесін, көрнекті құралдарды көрсетуін, т.б. басқаша айтқанда, балалармен тікелей жұмыс істеуді талап етеді.
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ əңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пəндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады. Оқушылармен бірге отырып, көрнекі құралдар, кестелер, суреттер, диафильмдер мен кинофильмдер, үнтаспа т.б. құралдарын қарауға болады.
«Жоғарыда келтірілген сабақтың қай түрін қолданғанда, математикалық білім жоғары деңгейде игеріледі?» сұрағы туады. Л.Канцева, Т.К.Оспанов жəне т.б. ғалымдар бір пəндік сабақ кестесін түзу тиімді деп есептеп, оны былай дəлелдейді:

  1. Біріктірілген барлық сыныптардағы бірдей сабақтар пəндік алаңдаушылықты туғызбайды.

  2. Мұғалім үшін де “үлкен” сабақтың логикалық жүйесін дұрыс құрып, “кіші” сабақтардың барысын жете қадағалауға мүмкіндік туады.

  3. Бір пəндік оқу жүйесі іс жүзінде бір тақырыптық сабақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Шағын жинақты бастауыш мектепте сабақтың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Қатар оқытылатын сыныптарда əр түрлі құралдарды қолдану жан-жақты ойластырылған болуы тиіс. Себебі, бір сыныпқа арналған құрал екінші сыныпқа кедергі жасауы мүмкін. ШКБМ-де соңғы кездері сабақта оқу-тəрбие жұмысын жетілдіру барысында техникалық оқыту құралдары кенінен қолданылуда. Бір тақырыптық, бір пəндік сабақтар кезінде бұл құралдарды пайдалану өте тиімді.(мысалы; диафильм, кинофильм, сюжетті суреттер). Бір диафильм бойынша əр сыныпқа тапсырма беріп, жас ерекшеліктеріне қарай талдау жұмыстарын жүргізуге болады. Сонымен бірге, ШЖБМ-де лингофондық кабинеттердің де ролі ерекше. Лингофондық қондырғылар өздік жұмысты ұйымдастырған кезде өте қажет құрал, мұғалім бір сыныппен жұмыс істеп жатқан кезде қалған сынып оқушылары өз бетімен жұмыс жасайды. ШЖБМ-тін математика сабақтарында кестелерді пайдаланудың нəтижесінде оқушылардың арифметикалық амалдар кестесін, жазбаша есептеу тəсілдерін үйретуге, есептің шешу кездерін меңгеруге ықпал етуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет