Бағдарламасы негізіндегі 2022-2023 ОҚу жылына арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтарының тізімі


Батыс Түркі және Түргш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан



бет7/51
Дата14.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#107669
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
Тарих Гос

Батыс Түркі және Түргш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.


Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналаса бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Олар тоғызыншы ғасырдың басында печенегтерді талқандады. Печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Оғыздар Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының далалық алқабын басып алды. Тоғызыншы ғасырдың соңында олар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерге соққы берді де, Жайық пен Еділ бойы аралығын толық иемденді. Махмуд Қашғари оғыздардың бастапқы кезде 24 тайпаға бірігіп, боз оқ және үш оқ деген екі топқа бөлінгенін келтіреді. Боз оқтар ерекше артықшылықтарға ие болған.


Оғыз мемлекетінің басшысы, билеушісі жабғу деп аталды.

  1. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы.

Қимақ қағанаты – Шығыс және Орталық Қазақстанда IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында өмір сүрген мемлекет.
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар VII ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, батыс Түркі қағанаты құрамына кірген.
VIII ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады.
656 жылы Батыс Түркі қағанаты тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты.
840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді.
Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түркі атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.
Бұл атақ жабғу атағынан екі дәреже жоғары.
Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды.
Елді хакан мен оның аймақтардағы оның он бір мұрагері (әмір) биледі.
Қимақтарда жазу болған, олар қамыс қаламмен жазып, ежелгі түркі әліппесін пайдаланған.
Түркілердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (ұлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған.
Қимақтар негізінен малшаруашылығымен айналысты.
Егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, қымбат аң терілерін дайындады.
Қимақтар арасында қолөнер де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды.
Әл-Идрисидің (XII ғасыр) келтірген деректеріне қарағанда олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болған.
Х ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды.
Қимақтар саяси оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
XI ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.

  1. Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы Қараханидтер.

• Х ғасырдың орта шенінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағында Қарахан мемлекеті құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан. Боғра хан елді түрік кезеңінде басқарды. Қарахандар әулеті Яғма тайпасының өкілдерінен болды. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамына жікіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы, үйсін, сияқты түрік тілдес тайпалар кірген. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы болатын. Қарахан мемлекетінде жер иеленуді “Иқта”, ал иеленушілерді “иқтадар” (парсы сөзі) деп атаған. Арабша жерді иеленушілерді “муқта” деп атаған. ХІ ғасырдың 30-жылдарында Қара-хандықтар мемлекеті шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Батыс бөлікке-Мауреннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды. (кейін Самарқантқа ауысты). Шығыс бөлікке Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды

  1. Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.

Қыпшақ — қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шина Усу ескерткішінде алғаш кездеседі (қазақша “Қыпшақтану”). Мақмұт Қашқари еңбегі бойынша, 9 ғ-дағы Қыпшақтардың құрамына имақ, субар, қаңлы, қарабөрікті, тоқсаба, жете, бөрілі, т.б. рулар мен тайпалар енген. Қыпшақ Түркі қағандығы ыдырағаннан кейін алғашында Қимақ қағандығының құрамында болып, 11 ғасырда бөлініп шыққан. Қыпшақ хандығы тез арада күшейіп, Қыпшақ Орта Азия мен Шығыс Еуропаға тарала бастады. Шыңғыс хан империясының батыс бөлігіндегі Жошы ұлысын (Алтын Орда) тарихшылар Дешті Қыпшақ деп атады. 13—14 ғасырларда Қыпшақ сөзі жалпы “түркі” ұғымын алмастырып, Алтын Ордадағы саудагерлер үшін қыпшақ сөздігі — “Кодекс Куманикус” шығарылды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін Қыпшақ көптеген ұлыстарға бөлініп кетті. Бір бөлігі Қазақ хандығының құрамына кірді. Н.А. Аристов қазақ халқының құралу кезінде көлденең, ұзын, танабұға, қарабалық, т.б. Қыпшақ рулары болған деп көрсетсе, В.В. Радловтың айтуынша ол кезде Қыпшақ тайпасы құрамында торайғыр, түйшіке, қытайқыпшақ, бұлтың, қарабалық, көлденең, танабұға, ұзын, көкмұрын рулары болған. Қазақ шежірелерінде 92 баулы Қыпшақ деп аталады, бірақ ешқайсысында оның барлығы бірдей таратылмайды. Шежіре бойынша Қыпшақтардың өсіп-өнуі төмендегіше сипатталады: Қыпшақтардан ақтамсопы, одан құлан-қытай, одан сүлімалып, одан кебекалып, одан мүйізді сарыабыз. Мүйізді сарыабыздан қытай-қыпшақ, қарақыпшақ, сарықыпшақ, құланқыпшақ тарайды. Қазақ құрамына енген Қыпшақ шежіресі бойынша, қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасына (ұзын, бұлтың, көлденең, қарабалық, торы) бөлінеді. Қыпшақ қазақтан басқа да түркі халықтарының (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, ноғай, қарашай, Әзірбайжан, түркімен, балқар, т.б.) ұлт болып қалыптасу барысында елеулі рөл атқарды XI ғасырдың басында бұрынғы қимақ, қыпшақ және құман тайпалары қоныстанған аумақта әскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшті. Қыпшақтардың билік басына келген билеуші әулеттік шонжарлары оңтүстік және батыс бағыттарда белсенді қимыл жасай бастады, мұның өзі оларды Орта Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекетімен тікелей белсенді қарымқатарының бірі

  1. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.

Наймандардың тарихта ірі мемлекеті және сол ғасырдың беделді тайпасы болғанын парсы тарихшысы Рашид әд-Дин жазады. Найман тайпасы көптеген хандықтар, ұлы ұлыстар мен қағанаттардың негізін көтерген соның бірі Шыңғысхан империясы. 15 ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығынан бөлініп, Қазақ хандығын құрушы Керей мен Жәнібек сұлтандарды бірінші қолдаған тайпа. Наймандар Қытай деректерінде Орта Азияның көне және Алтай тауы мен Саян жотасының ең мықты тайпасы ретінде жазылады. Батысында Ертіс өзені бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңтүстігінде Ұйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғысхан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғысхан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. Жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.Найман мемлекетi. Найман мемлекетi Батыс Монғолия мен Шығыс Қазақстан жерiн иеленiп, ХII ғасырдың екiншi жартысында өзiнiң Гүлденген кезеңiне жеттi. Наймандарда қала мәдениетi, егiншiлiк да-Мып, көршi мемлекеттермен сауда қатынастары кеңейдi. Дәл осы кезеңде Барлық сегiз тайпа бiртұтас мемлекетке бiріктi. Мемлекеттің ордасы Ор-Хон өзені жағасындағы Балықты қаласы болды.Наймандардың батыстағы көршiсi Ертiстiң бас жағын мекендеген Қыпшақтар, солтүстiкте Енисей қырғыздары, шығыста керейiттер едi. Керейiттермен бейбіт қатынастар жаугершiлiк кезеңдермен алмасты.Наймандар Орталық Азиядағы көшпелiлерге билiк жүргiзу үшiн кеРейiттермен бақталас болды. Наймандар Керейiт мемлекетiнiң тағына өзiнiң адамдарын бiрнеше рет отырғыза алды. Алайда ХII ғасырдың соңы – ХIII ғасырдың басында Найман хандығының өзi екi бөлiкке ыдырап кеттi.Осы кезеңде монғол көсемi Темучин (Шыңғысхан) нығая бастады. 1201 жылы наймандар монғолдардың күшеюін тоқтату мақсатында Түркі тілдес тайпа өкiлдерi қатысқан құрылтай ұйымдастырды. Алайда Сол жылы наймандар мен олардың одақтастары монғолдардан жеңiліске Ұшырады. 1204 жылы монғолдар наймандарды толықтай жеңдi. Найманның соңғы билеушiсiнiң ұлы Күшлiк қалған әскерді жинап, Жетiсуға Қоныстанды ∆Керейіт — (моңғ. Кэраид — христиандар) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Керейт – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Керейттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. Керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғ-дан белгілі. Онон, Керулен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керейт хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рашид әд-Диннің, Қыдырғали бектің, Әбілғазы ханның еңбектерінде хандық аты да, оны құраған тайпа атауы да Керейт деп аталады. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейін Орта жүз құрамына енген Керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына кірген Керейттер, Кіші жүздегі өз руластары сияқты бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда Кіші жүз құрамындағы Керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған. Кейін олардың бір бөлігі өзбектің, екінші бөлігі қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына енді. Ұраны – Ақсақал, таңбасы. Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид адДин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз.ХII ғасырда керейiттер солтүстiгiнде Орхон өзенiнен, оңтүстiгiнде Хуанхэ өзенiне дейiнгi жердi иелендi. Бас ордасы Битөбе деген Жерде орналасты.ХII ғасырдың екiншi жартысында Керейiт мемлекетiн Тоғрұл хан Басқарған кезде мемлекеттiң аумағы өсiп, нығайды. 80-жылдардың басында Тоғрұл монғолдардың жас қолбасшысы Темучинге қолдау көрсетті. Осы әрекеті арқылы өзiнiң монғолдар арасындағы ықпалын нығайтуға Тырысты. Біраз уақыт Тоғрұл хан керейіт-найман одағының жетекшісі Болды. ХII ғасырдың соңы – ХIII ғасырдың басында Керейiт мемлекеті әлсiреп, монғолдар күшейді. 1203 жылы бұрынғы одақтастар арасында соғыс Болып, керейiттердiң жеңiлуiмен аяқталды. ∆Меркіттер– ежелгі түркі тайпасы. Орта жүз Керейдің ішіндегі бір ру. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, “Меркіттер” атауы Мэргэд (Мерген – түбір сөзі де, “д” – тунгусмоңғолша көптік жалғауы) ұғымынан шыққан. Өйткені Меркіттер “құралайды көзден атқан” хас мергендер болған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Меркіттер ерте орта ғасырда мемлекет құрған. Олар 9 – 10 ғасырларда “Цзубу” одағына қарайтын 18 тайпа құрамында қидан билігінде болған. Байкөлден (Байкал) Селенга өзенңнің орта бойы Орхонға дейін, Бүрэн жотасы, Хан тауы, Қасқа бүркіт жотасы, Ноян, Дэлгэрхан жотасын мекендеген. Үш меркіт одағы (Мэә-Ли-Зи) 11 – 12 ғасырларда ерте мемлекеттік құрылым (ұлыс) деңгейіне көтерілді. Ұлысты Тудур Билге Чигин басқарып тұрған шақта әскері үш топқа бөлінген. Тоқтыбектің (Тоқтабек) тұсында өзіндік орда гвардиясы болғаны жайлы дерек бар. Меркіттер көрші наймандармен тату-тәтті өмір сүрді. Керейттер (керейлер) Меркіттерді төрт дүркін шапқан. Шыңғыс хан бастаған боржигендер тарих сөресіне шыққан тұста оларға ең әуелі қарсылық көрсеткен Меркіттер болды. ∆Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Үйсін тайпасына кіреді. Жалайырлар Ортағасырларда жалайырлар туралы мәлімет берiлген дерек көзi : Монгол шежірелері Шынгысханнын ант берген басында адал досы , кейiн кас жауы болган ; Жамука 1201 жылы Аргун өзенiнiң бойында еткен кұрылтайда такка отырган жалайыр билеушiсi езiн жариялады : Гурхан деп Шынгысханнын жалайырлар тайпасынын iшiндегi ен жакын адамы , акын , әрi батыр : Мукылай Жалайырларда улыстын iшкi iстерiн жүргiзген лауазым иесі : Шерби Жалайырларда әскери баскаружуйесi бөлiнген кезен : ХПгасыр Жалайырларда тумен басын сайлады : хан

  1. Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы.

Ұлы Жiбек жолының ашылуы. Халықаралық сауда жолының тарихы б.з.б. 3–2 мыңжылдықтардан, Шығыс Түркiстаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады. Б.з.б. 138 жылы Қытайдан император У-дидiң Батыстың беймәлім елдерiне (күн қайда батса, сол жаққа) жiберген елшiлiк керуенi жолға шығады. Ол алғаш рет Қытайдан Орталық Азияға тiке жол тартты. Са- пар барысында сауда үшін қолайлы жолдар анықталды. Бұл жолдар Ұлы Жібек жолының негізін қалады. Тарих ғылымында б.з.б. II ғасырды Ұлы Жiбек жолының тұрақты жұмыс істеуінің басталуы деп есептеу қабылданған. Қытай елшiсiнен кейiн iлешала бұл жолмен Батысқа жiбек керуендерi жүрдi. Рим мен Византия, Үндiстан, Иран, Араб халифатынан осы елдерде өндiрiлетiн тауарлар тасылды. Ұлы Жiбек жолының маңызы – халықтар мен мәдениеттерді жақындастырып, өзара байытуында болды. Ұлы Жібек жолы өзінің атауын ХIХ ғасырда ғана алды. Оны немiс ғалымы, Азияның физикалық географиясы туралы еңбектердiң авторы фон Рихтго-фен ұсынды. . Жібек матасы сауданың басты түрі болды. Жібек алтынмен бірге халықаралық валюта міндетін атқарды. Оны патшалар мен елшілерге тарту етті, жалдамалы әскерге жалақы және мемлекеттік қарыздардың өтеуі ретінде төледі.Жiбек жолымен ежелгi мәдениет пен өнер Туындылары таратылды. Орталық Азия, Түркiс-Таннан келген музыкант, бишi, акробаттар Қытай Императоры мен Византия сарайларында өз өнер-Лерiн көрсеттi.Жібек жолымен қытайлықтар өз елінде жоға-Ры бағаланатын асыл тұқымды жылқы мен түйе-Лерді Орталық Азиядан алдырды. Қытайлықтар Керуен саудасы арқылы әкелінген ауылшаруа-Шылығы дақылдарын – бұршақ, пияз, қияр, сәбіз, анар, грек жаңғағы т.б. өз елдерінде өсіруді Үйренді.Орталық Азиядан Қытайға жүннен тоқылған Әртүрлі бұйымдар – кілем, Жапқыш, төсеніштер әкелінді. Жүн өңдеу мен кілем Тоқу әдісімен таныс емес Қытайлықтарға бұл бұйымдар ерекше әсер етті.Ұлы Жібек жолындағы сауда. Жібек жолы Бағытымен өткен керуен саудасы пайда әкелумен Қатар, үлкен қауіп-қатерге де толы еді. Сол ссебепт Көпестер жолға жалғыз емес, қарулы адамдардан Тұратын ірі керуендермен шықты.Керуендер жүк артылған бірнеше жүздеген Малдан құралды. Олармен бірге саудагерлер, аудар-Машылар, нөкерлерін ерткен елшілер, дін тарату-Шылар да сапар шекті.Керуен саудасы арқылы жол бойында тұрақты түрде қызмет көрсететін орындар ашылды. Сол себепті Ұлы Жібек жолы бойында керуен са-Райлар (жолаушылар тоқтап, демалатын жайлар) Салынды. ∆VI–ІX ғасырларда түркілер рухани және материал-Дық дамуда үлкен жетістіктерге жетті. Түркілердің руналық жазуы пай-Да болды. Темiрдi өнеркәсiптiк негiзде өндiру қолға алынды, қалалар са-Лынды. Тәңіршілдік, будда, манихей, христиан, ислам дiндерi таралды.Түркілердiң ортағасырлық мәдениетi көшпелiлер мен отырықшыларды бiрiктiрiп, бiртұтас түркi мәдениетiн қалыптастырды. Түркілер табиғат жағдайлары көшпелi өмiрге қо-Лайлы жайылымдық жерлерден басқа аумақтарда да қала және ауыл Тұрғындары ретiнде өмір сүрді. Ерте орта ғасырларда қала мәдениетi Оңтүстiк Қазақстан мен Жетiсу Аймақтарында дамыды. Оңтүстiк Қазақстанда ортағасырлық қала Мәдениетi ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты. Осы аумақта қала мәдениетiн өркендетуде соғдылар Маңызды рөл атқарды. VI–ІХ ғасырларда Оңтүстiк Қазақстанда түркi-соғдылық аталған мәдени кешен Пайда болды.Қалалардың негiзгi халқын түркілер құрады. Бұған қалалардың Түркiлiк атаулары дәлел бола алады. Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» Ретінде атап көрсетілді.Қыстаулар мен Көктемгi жайылымдарда халықтың бiр бөлiгi қалдырылды. Олар мұнда дәндi дақылдар өсiрдi, осы Жерлерге қолөнершiлер қоныстана бастады, көпестерТоқтады. Олар негiзiнен мал айдайтын жолдың бойы-На шоғырланды. Билеушiлердiң ордалары тiршiлiк көзiне қолайлы Жерлерде – өзен алқаптары мен сауда жолдарында ор-Наласты. Кейін олар да әкімшілік билік, қолөнер мен сауда орталығына, Қалаларға айналды.VІ–ІХ ғасырларда қала мәдениетiн дамытуда Ұлы Жiбек жолы және халықаралық керуен сау-Дасы маңызды рөл атқарды. Қарқынды сауда Iле, Шу және Талас өзендерiнiң алқаптарында ондаған қалалар мен бекiнiстi Қалашықтардың пайда болуына әсер етті.VI–VІІІ ғасырларда Шу алқабында iрi қалалар мен көптеген шағын Қоныстар болды. «Хұдуд әл-алам» деректерiнде қарлұқтар елiнде 25 қала Мен қоныс болғандығы айтылады. Олардың көпшілігі Ұлы Жiбек жолы Бойында орналасты. Қалалар туралы деректер руна жазуларында сақталған. Мәселен, Көне түркі руна ескерткiштерiнде «балық» – қала, «барқ» – ғимарат де-Ген түркiлiк атаулар келтірілген.

  1. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет