Бағдарламасы Орындаған 6В01513- биология 2-курс 4-топ студенті: Қайбарова Аяулым


Сүтқоректілердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы



бет3/3
Дата28.04.2023
өлшемі121,41 Kb.
#87968
түріБағдарламасы
1   2   3
Сүтқоректілердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы
Табиғат байлығын қорғау,қадірлей білу мәселесі-бұл бүкіл жер шары үшін аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Сан саналы табиғат байлықтарының бірі жануарлар дүниесі.Қазіргі кезде дүние жүзінде тек сүтқоректілердің 3.5 мың түрі,қанаттылардың 8,6 мың түрі кездеседі.Соның ішінде біздің елімізде аңдардың 332 түрі мен құстардың 750 түрі бар.Осы табиғат байлықтарын сақтап,халық шаруашылығына пайдалану үшін дүние жүзінде әр түрлі шараларды жүзеге асыруда.Біздің еліміздегі табиғат қорғау шаралары жануарлар дүниесін одан әрі молайтуға көбейтуге мүмкіндік беруде.Хайуанаттардың бағалы және сирек кездесетін түрлері мемлекеттік қорықта бағылады.Совет Одағындағы қорықтардың саны 100-ге жуықболса,соның бесеуі біздің республикамызда орналасқан.Сондай-ақ кейбір саны аз пайдалы жабайы жануарларды әуесқойлық және кәсіптік тұрғыдан атуға тыйым салынған. Республикамыда бірқатар сүтқоректілер ауыл шаруашылығына зиянын тигізеді. Мысалы, саршұнақ, қаптесер, тоқалтіс, аламан, егеуқұйрық сияқты зиянкестер кемірушілердің әрекеті салдарынан дәнді дақылдар өнімі жыл сайын шамамен 6-8% кемиді екен. Сонымен қатар, зиянкес кеміргіштер жеміс бағына, бау-бақшаға, қоймадағы астықта, орман алқабына, екпе ағаштарға және мал азығы дақылдарына да едауір залалын тигізеді. Ал көптеген кеміргіштер жұқпалы ауруларды таратады.
ІІІ. Қорытынды
Қорыта келгенде сүтқоректілердің экономикалық маңызы өте зор және алуан түрлі.
Сүтқоректілер немесе аңдар класының өкілдері адамдар өміріне өте маңызды. Тұяқтыларды өсіру мал шаруашылығының негізін қалайды, жыртқыштар мен кеміргіштер аң шаруашылығында пайдаланынады. Қазір респулбикамьпда қоректілердің 60-тан астам түрі кәсіптік маңызда ауланып, халық шаруашылығына айтарлықтай үлес қосуда. Мысалы, Қазақстанда 1955 жылдан бері 4 млн. астам ақбөкен ауланып, одан 70 000 тонна ет өндірілсе, соңғы 40 жыл ішінде республикамызда 32 млн. жуық ондатр терісі дайындалған екен. Жалпы алғанда Қазақстан жыл сайын тек еліміздегі аң терісі өнімінің 14-16% беріп, аң шаруашылығының бұл саласында РСФСР-ден кейінгі екінші орынды алады.
Дәмді ет беретін ақбөкен, таутеке, бұлан, елік, марал және жабайы шошқа сияқты жануарлар кәсіптік мақсатта ауланып, тиісті қажеттерге жаратылады. Сол сияқты кәсіптік маңызы бар — кеміргіштер, қояндар, жыртқыштар, су жануарларын кит тәрізділер мен тюленьдер жатады.
Тиімді аңшылық шаруашылығы тек кәсіптік маңызы бар аңдарды аулаумен шектелмейді. Оларды көбейту мақсатында биотехникалық шараларды жүргізеді: азықтық жәңе панасы тиетін өсімдіктерді отырғызу, қосымша азықтандыру, су тасығанда немесе басқа да дүлей табиғаттың апатынан сақтау, құтқару, жерсіндіру және қайта жерсіндіру, тұз жануарларының ауруларымен және паразиттерімен күресу. Осы аталған жұмыстарды жүргізуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана аңшылық шаруашылығының жұмысы алға баспақ. Республикамызда аңшылық шаруашылығының жұмысын дұрыс жүргізу мен ұйымдастыру жауапкершілігі мемлекет тарапынан ҚР экология және биоресурстар министрлігіне жүктелген. Ол өзінің өкілеттілігіне қарай республика территориясында аң аулаудан әдісің, мерзімін және аулайтын аң түрін белгілейді, жалпы ҚазССР-нің 1981 жылғы 1 августа күшіне енген «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заңының дұрыс орыңдалуын қадағалайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет