Өзен бөліктері .Жер бетінде өзендер көп. Олардың бірі жазықты бойлай кең жазылып , баяу ағады. Екінші бірі тастан-тасқа секіре буырқанып , көбік шашып жатады , бұл – тау өзені
Қыраттың етегінен немесе тау шатқалының түкпір-түбінен ағып шыққан бұлақ бірден көзге түсе бермейді. Бірақ су күні-түні тынбай шығып жатқандықтан, одан тұрақты ағыс, яғни жылға пайда болады. Ол өзенннің бастауы болады. Осымен бірге өзен көлден немесе батпақтан да басталады. Биік таулы жерлерде өзен басын қар мен мұздықтың шетінен, еріген судан алады.
Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады.
Өзен жер бетінің еңістігіне сәйкес ылдиға қарай ағады. Оған жолшыбай басқа шағын өзендер келіп қосылады.Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер оның саласы болып табылады. Ағыс бағытына қарап тұрғаныңда оң қол жағың – өзеннің оң жағасы , сол қол жағың сол жағасы болып табылады.Осыған сәйкес салалар да оң және сол болып бөлінеді. Мысалы,Есіл өзені –Ертістің сол жақ саласы , ал Арыс-Сырдарияның оң жақ саласы .
Өзен көлге немесе теңізге барып құяды.Осымен бірге шөлді аймақта құмға барып сіңіп кететін өзендер де бар. Өзеннің құяр жері оның сағасы деп аталады.
Өзендердің ағысының жылдамдығы сағасына банғанда төмендейді,
Сөйтіп онда тосқындар жиналып, өзен сағасы тармаққа бөлінеді, яғни атырау пайда болады.
Өзен бастауынан бастап сағасына дейін әрі кең, әрі ұзынша ойыс алқапты бойлап ағады. Бұл – өзеннің аңғары. Аңғардың табынындағы өзен суы ағып жататын ойыс арна деп аталады.Су тасыған кезде өзен арнасынан асып, аңғардың іргелес жайдақ бөлігін басады.Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі жайылма деп аталады.Оның ені ағын өзендерде 3-4 ь ғана болады.Ал Обь сияқты ірі өзендерде 30-40 километрге дейін барады.Жайылма өзен тосқындарынан тұрады. Ылғалдың молдығына байланысты онда жайқалған шалғын өсімдігі өседі.Жайылма шалғыны пішен дайындауға, мал жайылымына пайдаланылады.
Өзен ағысы ұзына бойымен алып қарағанда шамамен 3 бөлікке бөлінеді.Бастауына жақын жағы – жоғарғы ағыс,саға жағы – төменгі ағыс, екеуінің аралығы орта ағысына жатқызылады.
Өзен барлық салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі өзен алабына жатады.Өзен алаптарын бір-бірінен көбінесе қыратты болып келетін суайрықтар бөледі.Бірақ суайрықтар әрдайымкөзге анық крінерліктей қырат болып тұрмайды.Кейбір жағдайларда суайрығының сызығын айырып білу оңай емес, әсіресе бұл жазықтағы өзен алаптары аралығында қиынға түседі.