Бағдарламасы Орындаған: Амангелдиева Р. Э тексерген: Испанова Э. Ж

Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

бет3/5
Дата21.10.2022
өлшемі416,33 Kb.
#44781
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

Оқыту үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушыларды оқыту барысында оларды қалай оқып үйренуді білуге, дербестікке, ізденімпаздыққа, сенімділікке, жауапкершілікке және талдау жүргізуге қабілетті болуға үйрету басты міндет болып табылатын қағидаға сүйенеді.

Мұғалімдер бұл қасиеттерді әр түрлі әдістерді қолданып дамытуы қажет:

1)оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

2)жеке және саралай оқыту тәсілін қолдану;

3) проблемаларды және оларды шешу стратегияларын құрастыру; 4) оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың оқуына қолдау жасау; 5) оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде белсенді оқуға ынталандыру; 6) оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту.

«Математика» пәнін оқу бағдарламасы төменгі мәселелерді қамтиды: 1) оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды пайдалануды үйрету; 2) ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту; 3) математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану, математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу (геометриялық фигураларды жасау); 4) өздігінен жоспар мен графиктер құру.

Оқу жетістіктерін бағалау

Оқу жетістіктерін бағалау

  • «Математика» пәнін меңгеру нәтижелері критериалды бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
  • Критериалды бағалау оқыту, оқу және бағалаудың өзара тығыз байланысында негізделген. Критериалды бағалау нәтижелері білім беру үдерісін тиімді жоспарлау және ұйымдастыру мақсатында пайдаланылады.
  • Критериалды бағалау қалыптастырушы және жиынтық бағалаудан тұрады.
  • Қалыптастырушы бағалау үздіксіз өткізіледі, оқушы мен оқытушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
  • Жиынтық бағалау белгілі оқу мерзімінде оқу блогын оқып бітіргенде өткізіледі, оқушыларға кері байланысты қамтамасыз ету, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағаларды қою үшін колданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет