Бағдарламасы Орындаған: Амангелдиева Р. Э тексерген: Испанова Э. Ж


«Математика» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері



бет2/5
Дата21.10.2022
өлшемі416,33 Kb.
#44781
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

«Математика» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

«Математика» пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

  • «Математика» оқу пәні ретінде бастауыш білім берудің маңызды мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда елеулі үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
  • Бастауыш сынып оқушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді.
  • Бастауыш білім беру деңгейдегі математика курсы кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың сандық арақатынасы мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.

Математика негізгі міндеттері
логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту
арифметикалық алгоритмдерді пайдалану
геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту
сын тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту
модельдеу және түсіну тәсілі ретінде қабылдау
құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік тәуелсіздік тұлғалық қасиеттерді дамыту
күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну
түсіну, түсіндіру, талдау, синтез, жүйелеу, қолдану суреттеудің дағдыларын дамыту
топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиетті көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту
ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет