Бағдарламасы Түсіндірме жазба


-параграф. "Таным" білім беру саласы



бет143/187
Дата04.12.2022
өлшемі0,84 Mb.
#54738
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   187
7-параграф. "Таным" білім беру саласы

21. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.


22. Мақсаты ойын және өнімді іс-әрекетте заттардың қасиеттері мен сапаларын қабылдауға, табиғат құбылыстары туралы түсініктерді қалыптастыруға жағдай жасау, құрылыс материалдарымен ойындарға және құрастыру процесіне оң көзқарас пен қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.
23. Міндеттері:
балаларда түрлі заттармен практикалық әрекеттерді жасау тәжірибесінің жинақталуына ықпал жасау;
заттармен белсенді әрекет жасау негізінде қабылдауды дамыту (көру, есту, сипап сезу қозғалыс);
қоғамдық тәжірибені игеру амалдарын қалыптастыру (еліктеу, үлгі бойынша әрекеттер);
бағдарлаудың тәжірибелік амалдарын қалыптастыру (әрекет жасап көру, шақтап көру);
ересектердің көмегімен және үлгі бойынша құрылыс заттардан қарапайым құрылыстарды жасауды үйрету;
тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру; жануар әлеміне аяулы қөзқарасты танытуды тәрбиелеу;
тәжірибелі іс-әрекет процестің барысында көкеністер пен жемістер жайлы түсініктерді қалыптастыру;
қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту және байыту.


8-параграф. I-жартыжылдық

24. Құрастыру:


1) балалардың көз алдында жасалынған құрастыру іс-әрекет процесінде ересектің әрекеттерін бақылауға үйрету; ересектің жасаған түрлі құрастыруларды балалардың ойындарына қосу; құрылыс материалдың қасиеттерімен, бөлшектерімен таныстыру (ағаш, пластмасса конструкторлар, жұмсақ модульдер); екі қолмен ұстап, сипалау арқылы көлемді формадағы заттарды қабылдауға үйрету (заттарды сипап ұстау арқылы сезіну);
2) құрылыс материалдарынан құрастыру: ересекпен бірлесіп жасалынған әрекеттер арқылы құрылыс конструктордан қарапайым құрылыстарын жасау, оларды ойында қолдану; құрылыстардың қирап қалуын дұрыс қабылдау, ойынды жалғастыру үшін қирап қалған құрылыстарды қайта жасауға талпындыру; ойында заттардың орнына құрылыс кешендердің элементтерін қолдану;
3) затсыз құрастыру: топтық бөлме кеңістігінде құрылыс контруктордың бір элементінің еліктеу арқылы орнын ауыстыру;
4) құрастырмалы-ағытпалы ойыншықтарды құрастыру: 2-3 бөлшектен тұратын объектерді біріктіру және ажырату;
5) конструктор бөлшектерін ұстау, ұстап тұру, орнын ауыстыру дағдыларын қалыпптастыру; заттарды екі қолмен сипалап зерттеу (заттарды қармалау).
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс конструктормен ойнауды ұнатады, жағымды эмоциямен қабылдайды;
конструктор бөлшектерін ұстайды, ұстап тұрады, орнын ауыстыра алады;
2-3 бөлшектен тұратын ойыншықтардың бөлшектерін біріктіреді және ажыратады;
ересекпен бірлескен әрекеттер арқылы құрылыс конструктордан қарапайым құрылыстарын жасайды.
25. Жаратылыстану.
1) тірі және өлі табиғаттың заттары мен құбылыстары: тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру; табиғат құбылыстарын бақылау; жақын ортадағы заттарды тану;
2) өсімдіктер әлемі: практикалық іс-әрекет процесінде көкөністер (қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт) туралы түсінік қалыптастыру; ағаштарды (бұталарды), гүлдерді, шөптерді ажырату;
3) жануарлар әлемі: үй жануарлары туралы түсініктерді қалыптастыру: мысық, ит; жабайы жануарлар туралы түсініктерді қалыптастыру: аю, түлкі; табиғат бұрышындағы аквариумдағы балықты, қоректендіргішке ұшып келетін құстарды бақылау;
4) өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықты дамыту, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
қоршаған әлемнің объектілері мен субъектілеріне қызығушылық танытады;
таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді;
таныс үй және жабайы жануарларды көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет