Сыныпқа педагогикалық- психологиялық мінездеме Мен Капилбаева Дильназ 10.11.2023-14.12.2023 аралығында Құлсары қаласы №7.Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте практикадан өттім. Бұл практика маған өтте қатты ұнады және бастауыш оқушыларына қатысты, жалпы оқушыларға қатысты көп нәрсе үйренді, көп мәлімет алдым. Менің барған сыныбым 4"в" сыныбы. Жетекшім Масалимова Гүлшара Қабдуллақызы болды. Сыныпта барлығы 23 оқушы. Қыздар саны-11, ұлдар саны-12. Арнайы білімде 1 оқушы бар, қасында жетекшісімен бірге отырады. Оқушылар сондай ақылды, бір-бірін сыйлап тату түрде жұмыс жасайды. Бұл сыныпта білімге өте құштар балалар оқиды. Мектеп ұжымыда, мұғалімдерде жақсы, қарапайым, ақ көңіл, ашық жарқын жандар. Сынып оқушылары тек қазақ тілінде өтетін сабақтардан емес, сондай-ақ шет тілі мен орыс тілінен өте белсенді қатысып, өте жақсы оқиды. Оқушылар ұстаздарға үлкен сыйластықпен қарайды. Кей кезде байқап жатамыз оқушылар жас мұғалімді немесе мен секілді практиканттарды тыңдамай жатады. Бірақ бұл сыныпта ондай оқушы жоқ, тыңдайды, сыйлайды, үлкенге құрметпен қарай біледі.
Жетекші:Масалимова.Г.Қ
Қолы: