Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді, Басқа жақтан,
Басқарақ асқабақ әкелді.
|
Ала-ала алашалар, Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
|
Сұр інген сүрінген бе, Сүрінген сұр інген бе.
|
Бұлаң бұлаң еткен бұл аң, Бұлаң десем екен қылаң.
|
Біреуі көрікті кісі, Біреуі бөрікті кісі. Көрікті кісі – зорықты, Бөрікті кісі – қорықты.
|
Тақпақ жаттап, Айтсақ жақсы-ақ. Жатқа тақпақ, Жатта тақ-тақ.
|
Қондық жаңа қонысқа, Қалың екен жоңышқа. Қоныстағы жоңышқа, Оралады қонышқа!
|
Ата мен әже, ана да, Алма мен алмұрт тереді, Ауырға Арман бала да, Арбамен тасып береді.
|
Баланың жаман баға алмағаны, Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
|
Сен өлше, ол өлшер, Сол өлшем, сол мөлшер.
|
Қоғанбай қомағай ма? Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес, Зор ағай.
|
Омартаға балалар барар, Балаларды аралар талар. Алашаларды
Таба алса, алар.
|
Доп теп, Дөп теп.
|
Жағажайды жағалай, Жүгіреді Қамажай.
|
Кермеде тұр қырық Кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа Қырық қыз келіп,
Кір қыстырды.
|
Есім есі кетіп есінеп отыр екен. Ол несіне.
Есі кетіп есінеп отыр екен.
|
Омар ора алар, Омар ора алмаса, Орал ора алар.
|
Үміт түбіт түтті, Түбітті түтіп бітті.
|
Арқада алты арқар бар, Қырқада қырық арқар бар. Қырық арқарда ақ арқар бар. Алты арқарда марқа арқар бар.
|
Әбдіреде әбігер әтеш отыр. Әбігер әтеш отырған Әбдірені әжем ашып жатыр.
|
Ғарышкер ұшты ғарышқа. Ғарышқа ұшты ғарышкер. Айтшы, ғарыш алыс па?
|
Гүлім гүлге қарап күлімдеді, Көгілдір гүлге қонған араларгуілдеді.
|
Зура зурнада ойнайды,
|
Ескекті ескекші еседі,
|
Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме, Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
|
Ескекші ескекті еседі.
|
Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай,
Ұшып кетті торғай.
|
Хан баласы ханзада Болды ғашық ханшаға. Алып ханнан хабар, Ханшайымды табар.
|
Қаһарлы айдаһар Шаһарға келіп, Қаһарланар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |