(ертегі)
Бұрыңғы уақытта бір қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде, қасқыр түлкіге айтыпты:
-Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап білші. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып:
-Басың өте қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көкмұзға қойғын, - депті.
Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойғанда, құйрығы мұзға жабысып, өзі сол жерге қатып қалыпты.
Гүлдер таласы
(ертегі)
Бағзы ерте заманда өсімдіктер патшалығында Қызғалдақ, Раушан гүлі, Бақытгүлі өмір сүріп жатады. Күндердің бір күнінде үшеуінің арасында
«Қайсымыз жаз мезгілінде гүлдеуге лайықпыз?» - деген талас туады.
Сонда шыдамсыздау Қызғалдақ бәрінен бұрын:
Табиғаттың әр мезгілі өзінше ерекше сондықтан сендер былай істеңдер! – деп ақылын айтады.
Қызғалдақ, сен суыққа төзімдісің. Сол себепті көктем мезгілінде гүлдеуің керек. Ал сен Раушан гүлі, жаздың аптап ыстығына төзе білесің.
Сағаншыдамдылық танытып, қапырық күн астында жаздай гүлдеуіңе тура келеді.
Бақытгүлі, саған сабырлы қалпыңнан айнымай, күз басталғаннан қар түскенге дейін гүлдеген жарасады. Өзге гүлдің бәрі қурап, жер бетінен жоғалғанда сен ғана өз сұлулығыңмен жұрттың көзін тамсандырып, мейірім нұрын шашып тұратын боласың! – дейді.
Ал мен сендермен таласпай-ақ, жыл он екі ай жасыл қалпымда тұра берейін, - деп Шырша өзіне келгенде табиғат сыйын көбірек алады.
Содан бері көктем шыға даланы Қызғалдпқ басып, бірақ сәл өкпесі бар болғандықтан аз уақыт гүлдеп жоғалып кететін көрінеді.
Ал, Раушан гүлі күн нұрына малынып, ала жаздай ұзақ гүлдеп тұратын болыпты. Бақытгүлі болса гүлдеу мезгілін көп күтіп, күздің алғашқы күнінен қар жауғанға дейін гүлдеп, басқа гүлдерді жоқтатпай тұрады екен.
Өзінің тапқырлығына риза болған Шырша, көктемде Қызғалдақтың әдемілігіне сүйсініп, жаз бойы Раушанның хош иісінен қуат алып, күздей әр түсті Бақытгүлінің көркіне қызығып, қысы-жазы жасыл түсті болып ғұмыр кешеді екен.