Жаңбыр Бұлттар неге ауады, Жаңбыр қашан жауады? Шөлдеді ғой торғайлар, Шаң басты ғой ауаны.
Ұ.Есдәулетов
|
Наурыз тойы Наурыз тойы – елдің тойы, Көктем тойы – төлдің тойы. Ән айтылды күні бойы, Жақсы көрем Наурыз тойын.
Т.Молдағалиев
|
Құстар келді Қар су болып жөнелді, Қалды дала жалаңаш.
Күн нұрына кенелді, Бүршік атып бар ағаш.
Келіп көктем құстары Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.
Б.Қозыбеков
Көктем Көктем келді шуақты, Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Дала гүлге толыпты, Аққу көлге қоныпты. Алақай-ау, алақай!
Көктем қандай, Көктем қандай көрікті.
К. Ыбырайұлы
|
Биікке, биікке
Көктемде, көктемде Күн нұрын төккенде. Қар еріп ақты су, Жоғары тартты бу.
Көк шыбық бұлтырғы Көгерді – құлпырды. Құлпырды, құлпырды, Жоғары ұмтылды!
М.Әлімбаев
Көктем Көктем қырға төрледі, Төрт түлік мал төлдеді. Бәйшешектер құлпырып, Деп тұрғандай: «Көр мені!» Жылы мезгіл жетіпті, Тастадық біз етікті.
Қар көктемге жеткізбей, Тауға шығып кетіпті!
К.Ыбырайұлы
|
Жібек жел
Жасыл көктем кеп еді, Жұпар желі өбеді.
Көкте бұлты көбейіп, Мөлдір жаңбыр себеді.
Ә.Дүйсеков
Жаңылтпаштар
Әке,
Әліппенің әріптерін, суреттерін, Әр беттерін келіп көрші.
Маған да осындай әліппе алып берші?
Қарындасым,
Бояу қарындашың барын Қасым айтып еді, Бере тұршы, тәңір жарылқасын?!
Тақпақ айт,
Тақпақ айтсаң, түгел жаттап, мәнін сақтап, Сөзін нақтап, баптап айт?!
Оразақын Асқар
Достарыңызбен бөлісу: |