Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар
Жағасы құрақ, Мөлдір суат. (Көз)
|
Сөз ұққыш,
Қос тұтқыш. (Құлақ)
|
Құрамалы сырық Берсең ырық
Кетесің тұрып, Барасың жүріп, Қаласың,
Отырасың бүгіп. (Аяқ)
|
Таппайтын тағат, Тығулы сағат. (Жүрек)
Белдеуде бес ат, Бесеуі де қасқа ат. (Саусақ)
|
Ыдыс-аяқ және басқа үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Иінінде құлағы, Ішінде бұлағы, Көмейіне от салсаң
Ызыңдап тұрады.(Самаурын)
|
Отқа қойсаң елпілдеп, Быж-быж етіп тұншығар, Тақиясы селкілдеп,
Танауынан бу шығар. (Шәйнек)
|
От басады табаны,
Тек қана су тамағы.(Құман)
|
Сыртын отқа қақтайды,
Одан басқа жақпайды.(Қазан)
|
Аузы төбесінде,
Тұтқасы денесінде, (Құман)
|
Басы құдық,
Сабы сырық.(Ожау)
|
Сабы бар, Басы шатыр,
Табысын өлшеп әкеп, Құдыққа тасып жатыр.(Қасық)
|
Өткір жүзді келеді, Өте қажет құрал ол Тұтас затты бөледі,
Ұсақтап та тұрар ол.(Пышақ)
|
Ағайынды төрт батыр, Көтергені бір шатыр. (Үстел)
|
|
Тұрмыстық заттар туралы жұмбақтар
Жай да үнсіз тұрады,
Біреу келсе тез жат деп, Қоңырауын ұрады,
Дабыл қағып безектеп.(Телефон)
|
Тоққа тисе мұрты ұзын,
Табанымен жазық Киімдердің қыртысын, Береді тез жазып.(Үтік)
|
Іші салқын,мұзы бар, Күнкей қашқан қой сынды, Жылыда тез бұзылар, Барша тағам тығылар.
(Тоңазытқыш)
|
Кір-қоқысты сүймейді, Сыртқа қуып сүйрейді.
(Сыпырғыш)
|
Азық -түлік туралы жұмбақтар
Күрең қызыл түсі бар, Тағамдардың асылы,
Қуат берер күші бар. (Таба нан)
|
Өзі ащы, Бірақ,
Дәмді етер асты. (Тұз)
|
Ұрмай-соқпай жылатады, Әркім бірақ ұнатады.(Пияз)
|
Аспан түстес сұйық, Әркім ішер құйып. (Су)
|
Бір жансыздың қаны бар, Тіл үйірген дәмі бар.
Шөлдесең іш,қанып ал. (Кесе мен шәй)
|
Сұйық еді аппақ, Бауырдай боп қатыпты,
Ішсең дәмі тәтті-ақ. (Айран)
|
Түсі аппақ, Тысы қатты-ақ, Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті-ақ. (Жұмыртқа)
|
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.(Балмұздақ)
|
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |