Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет28/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Қуыр-қуыр қуырмаш


Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға:
Ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, - деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін, саусақтардың атын түгел атап береді: бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар.Сен тұр түйеңе бар Сен тұр жылқыңа барСен тұр сиырыңа бар Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: Қуыр-қуыр, қуырмаш Балапанға бидай шаш Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды. Осыдан соң:
Мына жерде қой бар Мына жерде жылқы бар Мына жерде түлкі бар
- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп, ең соңында мына жерде күлкі бар – деп қытықтайды.


Аударыспақ


«Аударыспақ» ─ өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлттық спорт ойыны. «Аударыспақ» – қазақ халқының арасында кеңінен таралған ойын. Балалар екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай), ұзындығы 70-80 сантиметрдей ағаш аттарға мінеді. Бір-біріне қапталдас орналасқан ағаш аттардың ара қашықтығы екі жақтан созылған қол жететіндей болса жеткілікті. Оларға мінген шабандоз балалар бір- біріне қарама-қарсы отырып қол ұстасады. Төрешінің белгісімен бірін-бірі тартып, не итеріп, әйтеуір қай айласын, не күшін асырғаны қарсыласын ағаш аттан аударып түсуі шарт. Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды. Онда ойын
шарты бұзылады. Ойын алаңының айналасына құм немесе жұмсақ кілем төселуі керек. Қай топ жеңсе сол топ жеңімпаз атанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет