Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и



бет31/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Арқан тартыс


Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан кем болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он-он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп,ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.


Тымпи


Тымпи – ойынға қатынасушылар шеңбер жасап, дөңгелене отырады. Бір баланы ойынды жүргізуге белгілейді. Ол: «Ал, ойынды бастаймыз,бәрің түгел тым-тырыс тымпи!» - деп бұйырады. Бұдан кейін бірде-бір ойыншы дыбыс шығармауы, үн қатпауы керек. Алайда бастаушы ғана сөйлеуге ерікті. Ол адам күлерлік қимыл-қозғалыспен әзіл-қалжың сөздерді айтып, қалай да біреуді күлдірудің амалын іздейді. Қалжың жыр да айтады. Ешқайсы шамданбайды. Өйткені ойынға қатынасушылардың аты қалжың өлеңге қосылмауы керек. Әзілі де, сықағы да өтпесе, бет-аузын тыржыңдатып, әр түрлі құбылтады. Қолайсыз қимылдармен құбылыстар жасап қозғалады. Жаңылыстыру үшін неше алуан сұрақтар қояды. Біреу абайсыз жаңылып сөйлесе не күліп жіберсе, айып тартады. Өлең айтады, ән салады не би билейді. Сондықтан ойынды жүргізуші тілмәр, әзілкеш, күлдіргі бала болуы керек.

Көрші ойыны


Көрші ойынын үлкен бөлмеде немесе таза ауада көгалды жерде өткізуге болады. Ойыншылар саны 10-нан 30-ға дейін болуы керек. Яғни екі топтың балаларын қосып ойнатуға да болады. Ойыншылар дөңгеленіп, екі-екіден шеңбер құрып отырады. Тағы бір бала ортаға шығып, жұп болып отырған ойыншылардың бір жұбына келіп, «Көршіңмен татусың ба?» - деп сұрайды.
Егер сұрақ қойған жұптың біреуі «Көршіммен аразбын» десе, онда сұрақ қоюшы бала оның қасындағы көршісін орнынан тұрғызып, соның орнына өзі отырады. Орнынан тұрған адам ортаға шығып басқа бір жұптан
«Көршіңмен татусың ба?» деп сұрап, ойынды соза береді.
Ал егер ойыншы көршісімен «татумын» деп, қасында жұп болып отырған баланы жібергісі келмесе, онда сұрақ қоюшы адам оны жазалайды. Ол ән салады, би билейді, болмаса әңгіме, ертегі, жаңылтпаш айтып береді. Осылай ол көршісін алып қалады. Егер ойыншы бұл тапсырманы орындай алмаса, өз орнын
сұрақ қоюшы адамға береді де өзі соның міндетін атқаруға кірісіп ойынды қайтадан бастайды. Сөйтіп, ойын жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет