Ортан терек қосайын, Алақанға басайын.
Келесі сан ортада,
«Үш» болды ол дап дайын. Шылдыр шүмек сақадай,
«Төрт» деп сана оп-оңай. Кішкентай бөбек шеттегі,
«Бес» саны ол ботадай.
Астық толып қамбаға, Жеміс пісіп бақшада. Жапырақтар сарғайып, Күз де келді далама.
Қыста қар жауады, Жер бетін жабады. Шелекте тұрған су, Мұз болып қатады.
Қалмашева Жадыра Пернебайқызы
Менің елім-Қазақстан, Бейбітшілік мекені.
Еш жерден де таппайсың, Дәл осындай өлкені.
Желбіреді көк туым, Шырқалды Әнұраным.
Тәрбиеші апайдың, Мейірімді көздері. Менің анам секілді, Еркелеткен сөздері.
Менің елім-Қазақстан
Елдігіміз-Елтаңбам, Қалықтайды қыраным.
Азат елмін,еркінмін, Тәуелсіздік-айбарым. Ашық болып аспаным, Желбіресін байрағым.
Менің анам секілді
Келгенімде бақшаға, Қарсы алды ол күлімдеп. Менің анам секілді, Еркелетті «күнім» деп.
Бойымызға сіңірді, Тәрбие мен білімді.
Сізге айтамын мың алғыс! Қабыл алшы жырымды.
Аққала
Қар жауғанда қуанып, Жасадық біз аққала.
Басындағы шелегі Өзіне шақ қана.
Аққала-ау,аққала, Еріп кетпе су болып. Балаларды қуантып,
Қатып тұршы мұз болып.
Мырзабергентегі Берекет Нағашыбайұлы
Біз мектепке барамыз, Ашылар ой-санамыз. Мектеп менің қазынам, Білім нәрін аламыз.
Балапаным биік ұш, Қанатың еш талмасын. Сен боласың қыран құс, Ұрпақ ізді жалғасын.
Мен-Қазақпын, азатпын, Тәуелсіздік мерейім.
Мен-Қазақпын, ғажаппын. Арта түссін мерейің.
Егеменді еліміз,
Кең байтақ бұл жеріміз. Құшақ ашқан халықпыз, Бақыттымыз сеніңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |