Бір апта Дүйсенбіде достарыммен ойнадым, Сейсенбіде серуенге тоймадым
Сәрсенбіде суда жүздім салқындап. Бейсенбіде би билеуге тоймадым.
Жұма күні бардым үлкен жарысқа, Сенбі күні сапар шектім алысқа Жексенбіде еш жерге мен бармадым Анашыма көмегімді арнадым!
Дауды шешкен аталардың, Қабыл болған баталары.
Бар адамға тең құқылы, Елімнің бұл ата заңы!
Бабалардың жарғысы, Тарихымда қалды ізің.
Ата заң
Үйде атам, әжем бар,
Баққа кеткен тәтем бар. Бір ағам бар мектепте, Інім және көкем бар.
Іс-сапармен жат елде, Әкем менің қорғаным.
Қанша адам?
Жанымда анам болғанда, Білінбейді тоңғаным.
Сүп-сүйкімді сәніміз, Қарындасым әніміз. Қосқанда мені оларға, Қанша болдық бәріміз?
Қалың
орман ішімен Аяз ата келеді,
Таяғының күшімен Жол үстінде биледі.
Қандай жайсаң мінезі, Күлімдейді ақ жүзі.
Аяз ата
Сыйлықтарын таратып, Қуантады ол бізді.
Ақшақары-аппақ қыз, Еріп келеді ізімен.
Қалмасын деп сыйлықсыз Тексереді тізімін.
Жиналады дүкенге,
Үлкені де, кіші де, Сөре толса азыққа Көңіл толар деседі.
Көкөніс пе, жидек пе? Кәмпит, сағыз керек пе?
Аралар
Таң ата сап, күн бата, Еңбек еттік аптыға.
Гүлден шырын аламыз, Балға толы ұямыз.
Дүкеншінің әні
Тәтті шырын, бал, қаймақ, Салыңыздар себетке.
Таңмен бірге ашамын, Күн батқанда жабамын. Тұрыңыздар кезекке Түрлі тауар сатамын.
Достарыңызбен бөлісу: |