Жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтар
Көктемде
Ақ гүлге оранады, Күзде
Қолға доп болып оралады. (Алма)
|
Ортасында қазығы, Бұтағында азығы (Алма)
|
Желілері жайылып,
Жол-жол болып жатады, Күн нұрына бой ұрып, Жердің нәрін татады, Жасыл шатыр астында, Кететіндей үзіліп,
Түр көп маржан тасындай, Мойыл моншақ тізіліп. (Жүзім)
|
Тіл үйірген дәмі бар, Сары алтын-түс сәні бар, Шақсаң егер кептіріп, Сүйегінің дәні бар, Баққа тұрар сән беріп, Алқа етіп тізіп ал. (Өрік)
|
Іші аумаған жүгері, Түрі-түсі алмадай, Ойымның жоқ бүгері,
Жесең бал деп қалмағай.(Анар)
|
Шертсең көк жолақ сыртынан, Піссе үн шықпас ұртына.
Шикі болса, сампылдап,
«Тиме» дейді-таңқылдап. (Қарбыз)
|
Бұйра тұлымы, Желмен ойнайды, Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (Сәбіз)
|
Бақшадан жер қазып,
Жиып алдым жез қазып. (Сәбіз)
Түбі толған құмалақ. (Картоп)
|
Тігіп алып көк шатыр,
Қызылкүрең доп жатыр.(Қызылша)
|
Доптар жатыр желісі бар,
Қабат-қабат терісі бар.
(Қырық қабат)
|
Аласа тал, Тамаша тал,
Самсап тұр алмасы, Ол - алқызыл,
Ол - қанқызыл,
Боялғанша алмашы. (Қызанақ)
|
Күнді аңдып шалқалап, Гүлмен жапқан қалқалап, Бақшада өскен теректің Дәндерінен май тамар,
Шағып жеген нәр табар. (Күнбағыс)
|
Көрсең өскен желісін, Жапырағы қазтабан. Мөлдір қара жемісі,
Қыста емес, жаз табам. (Қарақат)
|
Бұтаға ілген үлпершек, Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп алып үлгерсек. (Бүлдірген)
|
Күн нұрымен піседі,
Уылжып қолға түседі. (Жеміс)
|
Қар астында қыстады,
Ақпен бөркін тыстады. (Бәйшешек)
|
Достарыңызбен бөлісу: |