Бағдарламасына нұСҚаулық руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и


Керік Ұзын бойы тұрғандай, Көкпен бірге таласып, Сирақ, мойыны, япырмай, Өзіне қалған жарасып. Ақ



бет88/152
Дата15.10.2023
өлшемі8,98 Mb.
#115206
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152
Байланысты:
Үлгілік оқу бағдарламасына нұсқаулық

Керік Ұзын бойы тұрғандай, Көкпен бірге таласып, Сирақ, мойыны, япырмай, Өзіне қалған жарасып.

Ақ қоян
Ақ қоян-ау, ақ қоян, Арғымаққаша шап қоян. Озып келсең мен саған,
«Жеңімпаз» деп ат қоям. Құлақтары тік қоян, Аяқтары ұп қоян.
Мұнша желіп жортасың, Сендей жүйрік жоқ қоян. Ақ қоян-ау, ақ қоян, Жүнің мамық, пәк қоян. Жылы үйіңде алаңсыз, Ұйықтап шықшы сақ қоян.
Л.Қыраубайқызы

Қонжық Қорбаң, қорбаң етеді, Тәттіні жақсы көреді. Қазір де ол бүлдірген Іздеп жүр ме, кім білген?


Тиін Арша, шырша, қарағай – Жаңғағы мол ағашты Тиіндер ғой, балақай,
Ін ғып тескен қарашы.
А.Байғобылова

Сұр қоян Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сылдырды, Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына Қиығын сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.
Т.Бердияров




Қазым, қазым қаңқылда!
Қазым, қазым қаңқылда! Көлде жүзіп салқында.
Жем шашайын жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе?
-Жоқ, жоқ,
Кәмпит тәтті, болмайды ас, Арпа менен бидай шаш.
С. Бегалин

Шөжелерім
Шөп-шөп, шөп-шөп, шөжелерім, Сары алтындай балапаным.
Тез жетіңдер жем беремін, Дәнге толы алақаным.
А.Торғаев

Шұбар тауық
Шұбар тауық мүлдем Жолатпайды барса.
Ұясында жүрген Балапаны қанша?

Балапанын тауық Қызғанады жаман. Қанатымен жауып, Санатпайды маған.


Ұ.Есдәулетов



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет