Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н


- тақырып. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата25.04.2022
өлшемі336,43 Kb.
#32204
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
4- тақырып. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты. Кірме сөздердің

лексика,грамматика,   фонетиканы   дамытуға   әсері   және   қазақ   тілінде

грам-матикалық, семантикалық, дыбыстық жағынан игерілу сипаты.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

1. Басқа тілден енген сөздерлің сипаты.

2 Кірме сөздердің лексика, грамматика, фонетиканы дамытуға әсері 

және   қазақ   тілінде   грамматикалық,   семантикалық,   дыбыстық   жағынан

игерілу сипаты.

Тіл   білімінде  ретроспективтік   әдіс  деп   аталатын   зерттеу  бағытының

басты айырмашылығы, сонымен, бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдауға сүйене

отырып,   өткен   дәуірлерге,   тарихқа   белгісіз   кезендерге   бағдар   жасап,   жоба

құру. Жобаланған немесе қайта жобаланған (реконструкцияланған) сипатты,

тілдің о бастағы табиғи қалпын сөзбе-сөз қайталау негізгі мақсат емес (ол

мақсат   болған   күнде   де,   солай   екендігіне   кез   жеткізу,   тексеру   мүмкін   де

еместігі белгілі), бірақ сол алғашқы қалпы жайында негізгі мәлімет беріледі.

Оған   көз   жеткізу   үшін   тағы   да   сол   жобаланған   сипатты   бүгінгі   тіддердің

материалдарымен   салыстыру   керек   болады.   Тарихи   грамматика   жазба

ескерткіштер   тілін   қарастырғанда   да   осы   әдісті  қодданып,   осы   принципті

ұстанады. Әдеби тілдің тарихы түрғысынан  жазба мүралар тілі сол заманғы

әдеби тіл нормалары жүйесінің жиынтығы, белгілі бір сөз иінінің (стильдің)

үлгісі   деп   қаралады   да,   сол   бойынша   қорытынды   жасалады.   Ал   тарихи

грамматика   үшін   жазба   әдеби   тіл   ескерткіштері   сол   заманғы   халықтың

сөйлеу   тілі   элементтерін   қарастыратын   көз.   Мәселе   мынада:   жазба   әдеби

тіддің  қалыптасқан сындарлы жүйесі құрамында әлдебір себептермен енген

сөйлеу тілі элементтері оқшауланып тұрады. Жазба әдеби тілдің өзі халық

тілі   негізінде   (не   түтастай   халық   тілі,   не   соның   бір   диалектісі)

қалыптасатындығын, соңдықтан оның құрамында варианттар мен жарыспа

элементтер   болатындығын   былай   қойғанда,   ол   (жазба   тіл)   ауызекі   сөйлеу

тілімен тығыз қатынаста, тығыз байланыста болады. Мұндай байланыс сол

халық өкілдерінің әдеби тіл нормаларын меңгеру дәрежесі әлі бәсең кезде,

әдеби тіл халықтың бүкіл топтары арасында түгел тарай қоймаған кезеңде

тіпті тығыз болады және ол белгілі бір зандылықтар шеңберіне сия бермеуі

мүмкін. Қазақ тілі тарихында орта түркі дәуірінен кейін, түркі халық тілдері




қалыптасу   дәуірінде   сол   халық   тілдерімен   бір   мезгіл,   бір   дәуірде   бой

көрсеткен   түркі   жазба   әдеби   тілі   фактілерінің   қазақ   тілінің   тарихи

грамматикасын  жасаудағы  мәні  мен  ролі  осында.  Орта  ғасырлардан   біздің

заманымызға жеткен ескерткіштер сол түркі әдеби тілінде жазылған. Ал түркі

әдеби   тілі   парсы,   парсы   арқылы   араб   тілі,   парсы-араб   мәдениеттерінің

ықпалымен   қалыптасты.   Ол   тілдің   құрамыңда   парсизм   мен   арабизмдердің

сан   мөлшері   мол   болып   қана   қойған   жоқ,   оның   сөз   саптау,   сөз   қолдану

зандылықтарына   да   парсы,   араб   тілдерінің   әсері   тиді.   Осындай   сипаттағы

жазба тілдің құрамына енген ауызекі сөйлеу тілінің элементтері көзге оқшау

көрінеді.   Өйткені,   жазбалар   тіліндегі   сөйлеу   тілі   элементтері   өзгеріссіз,

бұрынғы сипатын сақтайды. Сөйтіп, Орта Азиялық түркі әдеби тілінің бізге

жеткен ескерткіштері қазақ тілінің тарихи грамматикасын жасау үшін жеке

фактілер іздейтін көз ғана болып отырады. Ал фольклорларға осы тұрғыдан

қарауға болмайды. Фольклор тілі халықтың сөйлеу тілінің негізінде жасалған

тіл.   Сондықтан   оның   құрамынан   сөйлеу   тілінің   элементтері   соншалық

оқшауланып тұрмайды. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілін қазіргі кейбір

зерттеушілер өз алдына ерекше қызмет атқаратын стиль түрі деп те қарап

жүр.   Оған   себеп,   сірә,   фольклор   тілі   дәстүрінің   бүгінгі   жазба   әдебиеті

аясында да көрініп қалуы болса керек. Олай болатын себебі — фольклор тілін

оның құралдарының стильдік жіктелу, өңделу тұрғысынан қарастыру мүмкін

бола бермейді. Оның жүйесі тұтасынан көркем ойды білдірудің тәсілі іспетті

қалыптасқан.   Екінші  жағынан,   фольклор   тілі   өз   сипаты   жағынан   ешбір

диалектілік   шеңберге   сыймайтын,   белгілі   бір   дәстүрлік   жүйе   бойынша

қалыптасқан,   бүгінгі   сөйлеу   тілі   мен   әдеби   тіл   тұрғысынан   архаизмдік

ауытқулары бар тіл деп қаралады. Фольклор немесе ауыз әдебиеті тілі атадан

балаға   ауысып,   замандар   бойы   жалғасып   келе   жатқан   әдеби   желі.   Сол

себептен де оның тілі халықтың барлық топтарына да етене түсінікті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет