Бағдарламасының ( Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н


-   тақырып.   Фонетика.Түркі   негіз   тіліндегі   дауысты   дыбыстар



Pdf көрінісі
бет12/46
Дата25.04.2022
өлшемі336,43 Kb.
#32204
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
6-   тақырып.   Фонетика.Түркі   негіз   тіліндегі   дауысты   дыбыстар

жүйесі. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі:)

1. Түркі негіз тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесі.

2. Дифтонгтар, жеке дауыстылардың дамуындағы ерекшеліктер.

Тіл   тарихы   тіл  құрамыңдағы   жеке   элементтердің   тарихы   ғана   емес   —

тілдік   құралдар   жүйесінің,   солардың   өзгеріп,   дамуының   тарихы.   Тілдің

фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фонетика жеке  дыбыстардың

немесе жеке фонетикалық құбылыстардың өзгеру, даму тарихы ғана емес, ең

алдымен   фонетикалық   заңдылықтар,  фонетикалық   құбылыстар   жүйесінің



тарихы   болып   табылады.   Тарихи  фонетика   бүгінгі   тіліміздің   фонетикалық

жүйесінің   құрылымы   мен   жүйелік   зандылықтарының   қалыптасуын,   даму

ерекшеліктерін  түсіндіруі   қажет.   "Даму   ерекшеліктері"   дегенде   бір   тілдің

өзімен ұялас,  өзімен   түбірлес   жеке   тілдерден,   тілдер   тобынан   ерекшелену,

айрықшалану, соның нәтижесінде дербестену жоддары еске алынады.

Тарихи фонетика тарихи тіл білімінің дербес саласы ретінде тарихи-

салыстырма   тіл   білімінің   даму   процесінде   қалыптасты.  Фонетикалық

заңцылықтарды   диахрондық   түрғыдан   зерттеу   тарихи-салыстырма   тіл

білімінде   тарихи   фонетикалық   өзгерістердің   бір   семьяға   жататын   барлық

тілдерге   қатысты   түрлерін   анықтады.   Тіл   білімінде   "жас   грамматизм"

ағымының   ықпалымен   анықталған  мүндай   заңдылықтар   кейбір   бір

жақтылығына   қарамай,   фонетиканың  өз   алдына   пән,   дербес   сала   ретінде

орнығуына   ғана   әсер   етіп   қойған   жоқ,   тарихи-салыстырма   тіл   білімінің

теориялық жағынан жетіле түсуіне де зор себепкер болды. Тарихи фонетика

сөйлеу тілінің (яғни, қазіргі, осы мерзімдегі тіддің) дыбыстарын, дыбыстық

заңдылықтарын   қарастырмайды.   Ол  тек   тіддік   дыбыс   (звук   языка)   жайлы

үғымды   негізге   алады,   ал   дыбыс  жайлы   үғым   (немесе   дыбыстық   ұғым)

фонетикалық белгілерді  салыстыра қорытыңдылау барысында қалыптасады.

Дыбыстық   ұғым  немесе   дыбыс   жайлы   ұғым   тарихи   салыстырма   әдісімен

және іштей қайта құру, реконструкция әдісімен туыс тіддер мен диалектілер

материалдарын   зерттеудің   соңғы,   ақырғы   нәтижесі   болып   табыла-ды.

Айталық, отандық түркология "тірі" және "өлі" тілдерді тарихи-салыстырма

әдіспен зерттеу арқылы түркі тілдері тарихында  р > з > й, д//т > з > й,

аг//ыг//уг//ег//іг//>у//й  ауысуларының   болғандығын   анықтаса,   қазіргі   тіл

фактілерін өзара салыстыру арқьщы (яғни, ішкі қайта құру әдісімен) қазақ

тілінде сод ауысулардың р > з, д > й, к//қ, у//й тәрізді іздері сақталғандығын

айқындайды.  Ал мұндай  сәйкестіктер  қазақ  тілінің  кене  түркі тіліне,  тіпті

жалпы алтайлық (түркі-монғол) тіл бірлестігіне қатысты дәрежесін көрсетеді.

       Салыстыра зерттеу, сондай-ақ, түркі тілдерінің өзара айырым белгілерін

айқындаумен   бірге,   бір   тіл   мен   екінші   тілдің  байланыс   дәрежесін,   ондай

байланыстардың жеке тілдердің қүрылымына ықпалының қандай болғанын

да айқындайды. Айталық, қазақ тілінде сез басында айтылатын г, г, д, з кейде

б дыбысы да таза түркілік қүбылыс еместігі тарихи салыстырулар  арқылы

ғана белгілі болды. Сондай-ақ ішкі қайта қүру әдісін қоддану арқылы қазіргі

қазақ тілінде кейбір сездердің бас шеніндегі айтылатын ж және н, а және ы,

а және е, ы және / дыбыстары бір-біріне ерекше фонетикалық қүбылыс емес,

бір   ғана   дыбыстың   әр   түрлі   көрінісіері   екенін   айқындауға   да   болады.

Мысалы: жайқалу және найқалу, арс-арс және ырс-ырс, жалт етті, жылт етті,

аңқаңдау   және   еңкеңдеу,   ырқ-ырқ   және   ірк-ірк   тәрізді   параллельдер

құрамында   аталған   дыбыстар   бірінің   орнына   екіншісі   айтылған,   бірақ  бір-

бірінен лексикалық дербес мағыналы сез жасалмаған. Қысқасы, бүл создер

құрамында сәйкес қолданылған дыбыстар бір ғана фонетикалық қүбылыстың

әр түрлі керінісі дәрежесінде ғана. Егер осы фактілерді жалпы түркілік аяда

салыстырып   қарастырсақ,  тілдердің   даму   тарихында  й  >  дж//ж  дыбыс

ауысулары болғандығын  коруге болады. Прототүркілік  д  дыбысы Сібір мен




Алтайдағы түркі тілдерінде (якут, т.б.) қатаң дыбысқа айналса, Орта Азияға

орналасқан   тілдерде   әлсізденіп,   ұяндап   кеткені   белгілі.   Сөз   басында

айтылатын  ж  дыбысы   сондай   өзгерістердің   нәтижесі   деп   қаралады.  Бұл

өзгеріс Сібірдегі кейбір тілдерде басқа да сыпат алған: сез басында н дыбысы

айтылатын болған: сағай тілінде нан (жан, жақ, жаны, жағы), ніске (жіңішке),



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет