Біздің мұғалім Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ. Бұл – ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мен терезе алдында отырмын. Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға жаттым. Таңертең ерте ояндым. Ауыл әлі ұйықтап жатыр. Тек мектептің терезесінде ғана от жанып тұр. (42 сөз)
В. А. Сухомлинский
Шахтада Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Бір күні шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында, тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған қол шамды алып, тура шахтаға тарттым. (45 сөз)
М. Сәрсекеев
Анасының жұмысы Аяжанның апасы дәріханада қызмет істейді. Аяжан апасының дәріханасында талай болған. Ондағының бәрі оған ұнайды. Тап-таза, жинақы. Дәріханада дәрі көп. Апасы басына тақия киеді. Үстінде ақ халат. Дәрігер оқушыларға, жұмысшыларға, құрылысшыларға, ауырған адамдардың бәріне дәрі жазып береді. Апасы жазып берген дәрілерді оларға тауып береді. Анасының жұмысы Аяжанды қызықтырады. (47 сөз)
Б. Соқпақбаев
Мәтіннен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу. Кім? Сұрағына жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасату.
Диқан Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады. (44 сөз)
Шыршалы тоғайда Бір шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте қараңғы тоғайға келіп кірдік. Тарлау соқпақ көрінеді. Осы кішкентай соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде демалмақ болып жата қалдық. Иттің үрген даусы естілді. Ит қып-қызыл түлкіні қуып жүр екен. (49 сөз)
И. Корнеев