Бақылау диктанты
Пайдалы кеңес
Өзіңнен кішіні ренжітпе. Оларға көмектес. Үлкендерді сыйла, алдымен өзің сәлемдес. Үйде апаңа жәрдемдес. Бұл – жақсы әдеп. (16 сөз)
Қалада
Әкем екеуіміз қалаға бардық. Қалада нағашы атам тұрады. Ол – жазушы әрі ғалым. Көп кітаптар жазды. Атамның немерелері көп. (18 сөз)
Біздің сынып
Біздің сынып жарық және кең. Сыныпта үстел, орындық, тақта бар. Партаның үстінде кітаптар, дәптерлер және сызғыш жатыр. (17 сөз)
Ана
Жер бетіндегі ең әдемі сөз – ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды. Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. (22 сөз)
Көктем келді
Көктем басталды. Күн жылынды. Колхозшылар жер жыртты. Жер көгерді. Құстар келе бастады. Құмырсқалар дақызу жұмысқа кірісті. (17 сөз)
Көктемдегі жұмыстар
Желсіз тынық ауа. Күн жарқырап тұр. Көпшілік көңілді. Егіншілер егінін септі. Шопандар қойын жайды. Колхоз даласы еңбекке кірісті. (18 сөз)
Алматы
Алматы - әсем қала. Алматының көшелерінде трамвайлар, автобустар жүреді. Алматыда парктер, театрлар, мектептер көп. Парктері өте әдемі. (16 сөз)
2 сынып
Көк кит
Көк кит – жануарлар әлеміндегі ең ірісі. Оның самағы жүз алпыс тонна, ұзындығы отыз метр. Бір қызығы, ұсақ шаяндармен қоректенеді. Аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей. (24 сөз)
Қарға мен бұлбұл.
(мысал)
Қарға ну орман ішінде сауық кешін өткізді. Кеште құстар өнер жарыстырды. Қарға қарқылдады. Сауысқан шықылықтады. Әупілдек әупілдеді. Торғай шиқылдады. Бірақ олар сауық кешіне бұлбұлды шақырмады. (26 сөз)
1.У дыбысы жуан болып тұрған сөздердің астын бір рет, жіңішке болып тұрған сөздердің астын екі рет сызғызу.
Егіс даласы
Сәкен жазғы демалыста ауылға келді. Ол жайқалған егіс басына барды. Егіс басынан төрт баласын ертіп жүрген саршұнақты көрді. Сәкен саршұнақ тышқанның зиянды екенін түсінді. Жаздай елу алты тышқан ұстады. (29 сөз)
Көкек
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады. Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып шығарады. (19 сөз)
Тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның тақтасы ерекше болады. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін. Тақтаның шұңқыры мен қазаны бар.
Тоғызқұмалақ – математикалық ойын. (27 сөз)
Астана
Мен жазда Астана қаласына бардым. Қала маған қатты ұнады. Әдемі үйлер көп салыныпты. Астананы тамашалауға келген көп қонақтар көшеде жиі кездеседі. Есіл өзенінде қайықпен серуендедім.
(24 сөз)
Құстардың ұясы
Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. (27 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: сарықас, бүркіттікі.
Үш буынды сөздердің астын сызғызу.
Тымақ.
Қазақта тымақтың түрлері көп. Ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкінің терісі тігіледі. Сырты асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі киізден құралып, шошақ болып келеді. (29 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан
Достарыңызбен бөлісу: |