Циркулюс. Цирк неге цирк аталғанын сіздер білесіздер ме? Цирктегі ең басты орын – алаң. Оның алаңы қандай? Дөңгелек цирк үйінің өзі сияқты. Үйретілген аттар алаңды айнала шабады. Сондықтан цирк ғимараттары шеңбер түрінде салынады. ал неге циркуль деп аталады? Циркуль дөңгелек сызады. Сонда осы екі сөздің екеуі де «циркулюс» - дөңгелек, шеңбер деген латын сөзінен шыққан екен. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: циркуль, ғимараттары.
Сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оны цифрмен белгілеңдер.
В, ф, ц қандай дыбыстар?
Жолаушылар. Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлады, елегізіп.
Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар. Дыбыстық талдау жасаңдар.
Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар.
Шахта Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым жетпеді. Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім. Іші толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті. (65 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: фонарымды, шахтерлерді.
Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.