ЖАНҰЯ
- 16 -
Ата-ана жаман да болса, олармен жақсы мәміледе болу
керек! Олармен араны үзу үлкен күнә болып табылады. Ең
болмағанда сәлем айтып, хат жазып, телефон шалып бұл
күнәдан құтылу керек!
Құран кәрімде 3 нәрсе 3 нәрсемен бірге айтылған. Біріншісі
орындалмаса, екіншісі қабыл болмайды. Пайғамбарымызға
мойынсұнбаса, Аллаһу та’алаға мойынсұнылған болмайды.
Ата-анаға шүкір етілмейінше, Аллаһу та’алаға шүкір етілген
болмайды. Мал-мүліктің зекеті берілмесе, намаздары қабыл
болмайды.
(Тәфсири Муғни)
4) Оларға мойынсұну, қарсы шықпау, күнә болмаған
әмірлерін орындау керек.
Мұса алейһиссалам Аллаһу та’аладан тоғыз рет насихат
сұрағанда барлығында да
«Ата-анаңа мойынсұн!» деп
бұйырылды. Хадис шәрифте де былай делінген:
«Ата-анаға
мойынсұну Аллаһқа мойынсұну болады. Оларға қарсы
шығу Аллаһу та’алаға қарсы шығу болады.» (Табарани)
Әкесіне қарсы шыққан адам бала-шағасының қызығын
көре алмайды, мұратына жете алмайды, отбасымен жақсы
қарым-қатынаста бола алмайды, үйінің дәм-тұзы, қызығы
болмайды.
(Шира)
5) Оларға қатал жүзбен, қабақшытып қарамау керек.
Жылы жүзбен, мейіріммен, сүйіспеншілікпен қарау керек.
Ата-анасына мейіріммен, сүйіспеншілікпен бір рет қараған
адам қабыл болған бір қажылықтың сауабына қауышады.
Пайғамбарымыз:
«Ата-анасының жүзіне мейіріммен
Достарыңызбен бөлісу: