Бақыттың кілті


«Анаға жасалған жақсылықтың сауабы екі есеге көп



Pdf көрінісі
бет7/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   184
«Анаға жасалған жақсылықтың сауабы екі есеге көп 
болады.» (И. Ғазали)
«Бірінші анаңа, екінші әкеңе, кейін әпке-қарындасыңа, 
аға-ініңе, кейін ретімен қалған туыстарыңа жақсылық 
жаса!» (Нәсаи)
«Уәйсәл Қарани бүкіл ихсандарымен дәрежелеріне 
анасына жасаған жақсылықтарының себебімен қол 
жеткізді.» (Р. Насихин)
«Йа Расулаллаһ! Менің анам мүшрик. Оған жақсылық 
жасауым жаиз ба?» деп сұраған адамға пайғамбарымыз: «Иә, 
анаңа жақсылық жаса және оны құрметте!» деді. 
(Әбу Дауд)
Барлық пайғамбарлар өз анасынан да үстем еді. Соған 
қарамастан пайғамбарлар да аналарын құрметтеп, қызмет 
еткен. 
Кәпір болса да ата-анаға қызмет ету, олардың напақаларын 
(тамағын, киімін, баспанасын) қамтамасыз ету және хал-
жағдайларын сұрап қонаққа барып тұру керек. Егер де 
күпірлікке себеп болатын істерді жасатқызады деп қорқса, 
онда үйіне баруға болмайды. (Бәззазийа) 
Мұса пайғамбар жаннаттағы көршісінің кім екенін 


ЖАНҰЯ
- 14 -
Хақ та’аладан сұрап, оны іздеп барады. Ол қасапшы (ет 
сатушысы) еді. Қасапшы бір кесек етті алып, оны жақсылап 
пісіріп, ілулі тұрған себетті төменге түсіреді де, ішінде 
жатқан кәрі кемпірге пісірген етімен суын береді. Кейін үсті-
басын тазалап, қайтадан себетке жатқызады. Қасапшы: “Бұл 
менің анам. Қартайып осындай халге түсті. Күндіз-түні оны 
осылай күтіп бағамын” дейді. Сонда қасапшының анасы: “Йа 
Раббым! Ұлымды жаннатта Мұса пайғамбарға көрші қыл!” 
деген сөзін Мұса алейһиссалам да естиді де: “Сүйінші, 
Аллаһу та’ала сені Мұса пайғамбарға көрші қылды” 
дейді. (Шира)
2) Үнемі жақсылық жасау керек. Ата-анаға сый-құрмет 
көрсету және жақсылық жасау парыз. Хадис шәрифтерде 
былай делінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет