Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына


А. «Адымдап» қозғалу (гидра) Б. «Тоңқаңдап» қозғалу (гидра)



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

А. «Адымдап» қозғалу (гидра) Б. «Тоңқаңдап» қозғалу (гидра) 
1- сурет. 
 
 
2-сурет. Шұбалшаңның қозғалуы 
Жәндіктердің қозғалу сызбанұсқасы. 
Құрттың үнемі сілемейлі шырышпен шыланып, ылғалданып тұратын жұқа мөлдір 
терісінің астында тері, жанасып жататын сақиналы бұлшықеттер және оның ішкі жағында 
денені бойлап ұзын салалы бұлшықеттер орналасады. Әрбір буылтығының құрсақ 
жағында төрт жұптан қысқа қылтандары бар. Сақиналы бұлшықеттер жиырылғанда құрт 
денесі жіңішкереді. Дененің артқы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреліп, алдыңғы бөлігі 
алға қарай жылжып, ұзарады. Одан соң ұзын салалы бұлшықеттер жиырылады. Бұл кезде 
дененің алдыңғы бөлігіндегі қылтандары жерге тіреледі де, артқы бөлігі алға тартылып, 
дене қысқарады. Сөйтіп, сақиналы және ұзын салалы бұлшықеттердің кезектесіп 
жиырылуы мен дененің артқы және алдыңғы бөлігіндегі қылтандарының алма-кезек тірек 
болуы құрттың алға жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді. 
Шұбалшаңдар топырақты бас бөлігімен қазып, тіршілік етеді. Тығыз топырақты «аузымен 
асап», ішегінен өткізіп, аналь тесігі арқылы шығарып отырады. Бұдан борпылдақ 
топырақтар майда түйіршікке айналып, ауа мен суды сіңіреді. Топырақ құрылымы 
жақсарады. Мұндай топырақта өсімдіктер жақсы өседі. 
Жүзім ұлуы, бөгет ұлуы, айқұлақ сияқты былқылдақденелілер тері бұлшықет қапшығын 
түзетін жұмсақ денесімен, «аяқ» деп аталатын құрсақ бөлімінің толқынданып жиырылуы, 


101 
 
созылуы арқылы баяу жылжып қозғалады. Дене сыртын шылайтын шырыш ұлудың аяғы 
мен төсемік (ағаш жапырағы, су түбіндегі тас, су өсімдіктері және т. с. с.) арасындағы 
үйкелісті жеңілдетіп, қозғалуға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет