96
Лейкоциттер – эритроциттерден ірі, ядросы бар жасушалар. Түссіз. Сондықтан оларды ақ
қан түйіршіктері дейді. Дене жарақаттанғанда, бүлінген азықпен қоректенгенде ағзаға
енген микробтар
әрекетінен ұлпалардың, жасушалардың қалыпты жұмысы бұзыла
бастайды. Одан шығатын улы заттарды лейкоциттер бірден «сезінеді». Лейкоцит
жалғанаяқтыларға ұқсас еркін қозғалатын жасуша. Қан тамырларының қабығынан шығып,
ұлпаларды бүлдіре бастаған микробтардың маңына жиналады да, оларды өзіне сіңіріп
қорытады. Бұл «жекпе-жекте» көптеген лейкоциттер тіршілігін жояды.
Бұзылған лейкоцит
жасушалары іріңге айналып, ағзадан сыртқа шығарылады. Олардың орнына жаңадан
сондай жасушалар түзіліп, жарақат жазылады.
Орыс ғалымы И. И. Мечников лейкоциттерді –
фагоциттер, яғни «обыр» жасушалар.
Олардың микробтарды жоюын
фагоцитоз деп атаған.
Қан плазмасында ағзаны әр түрлі микробтардан қорғайтын
антидене деп аталатын
нәруыздар бар. Бұлар лимфада, көкбауырда және басқа жерлерде түзіледі.
Микробтар
(бактериялар, вирустар) ағзада аурудың бір түрін (қызылша, көкжөтел, шешек және т. б.)
туғызса, осы микробтарды, олардың зиянды әсерін жоятын антидененің түрі пайда
болады. Ауру жазылған соң да олар ағзада сақталып қалады.
Антиденелер ауруды
туғызатын микробтардан ағзаны қорғайды. Жануар немесе адам ол аурумен қайталап
ауырмайды. Ағзаның осындай қасиетін
жүре пайда болған иммунитетдейді. Ал көптеген
ағзаларда ата тегінен ұрпағына тұқым қуалау жолымен өтіп (беріліп) отыратын
антиденелер де бар. Мысалы, жануарда болатын кейбір аурулармен (жануар обасымен)
адам ауырмайды. Себебі адамда ол ауруды болдырмайтын антиденелер бар. Ағзаның ауру
қабылдамайтын мұндай қасиетін
табиғи иммунитет дейді.
Елімізде кейбір жұқпалы және қауіпті ауруларды болдырмау үшін жануарды,
адамдарды
жас кезінде әдейі егеді. Олардың ішінде әлсіретілген ауру қоздырғыштары бар дәрі
болады. Егілген ағза жеңіл ғана ауырады. Есесіне ағзада өмір бойы немесе көп уақыт
сақталатын
жасанды иммунитетқалыптасады. Адам ол аурумен ауырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: