1-сурет. 1 – долана бұтағының сояуы.
Түрі өзгерген жер асты өркендер Тамырсабақ, түйнек, пиязшық түрін өзгерткен жер асты өркендерге жатады.
Тамырсабақ (2-сурет) – жапырақ шығармайтын көп жылдық жер асты өркен.
Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы:
1) тамырсабақтың ұшында – бүршік, ал тамыр ұшында оймақша болады; 2) тамырсабақ
буын және буын аралығынан тұрады.
Буынында жетілмеген түссіз қабыршақтары (жапырақ қалдығы) орналасады. Тамырда
буын, буын аралық, жапырақ болмайды; 3) қабыршақ қолтығындағы бүршіктерден
келешекте жер асты және жер үсті өркендер дамиды. Тамырда бүршік болмайды; 4)
буыннан қосалқы тамырлар шығады. Жер астында дамығандықтан, ашық жасыл түсті
емес. Тамырға ұқсас қоңырқай, күңгірт түсті болғандықтан тамырсабақ деп аталған.
Тамырсабақтың буын аралығының ұзын немесе қысқа болуына байланысты ұзын