Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет45/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Су булануының маңызы – ыстық күндері жапырақты күн сәулесінен қызып кетуден 
сақтайды. Ауық-ауық суды буландырып тұратындықтан жапырақтар ыстық күндері жап-
жасыл қалпында сақталады. Жапырақтың суды буландыруы фотосинтезбен тығыз 
байланысты. 
Жанаспалы жасушалардың саңылаулары арқылы жапыраққа көмірқышқыл газы енеді, су 
буланады. Жапырақта қант түзілу үшін күн сәулесі керек. Күн сәулесі жапырақты 
қыздырады. Судың булануы жапырақты салқындатады. 


43 
 
Жапырақтардың ылғалды және құрғақ климатқа бейімделуі. Ылғалы мол жерде 
өсетін өсімдіктердің жапырақтары ірі, қою жасыл түсті. Жанаспалы жасушалары да көп. 
Топырақтың, ауаның ылғалды болуы жапырақтардың үлкен болып өсуіне көмектеседі. 
Шөл, шөлейтті жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары ұсақ, түкті болғандықтан суды аз 
буландырады. Кейбіреулері қабыршаққа айналып, түрін өзгерткен, бозғылт сұр түсті. 
Қазақстанда өсетін сексеуілдің жапырақтары өте майда қабыршаққа айналған. Жанаспалы 
жасушалары тек жас өркендерінде ғана болады. Фотосинтез процесі жас өркендерінде 
жүреді. 
 
 
 
1-сурет. Өсімдіктердің суды буландыруын дәлелдейтін тәжірибелер. 
Сиырқұйрық өсімдігін түгелдей ұзын, киіздей тұтасып кеткен қалың түк басқан. Ұйысқан 
түктер судың булануынан сақтайды. Сортаңдау, құмды жерлерде өсетін құм қарағаны 
(қоянсүйек) мен шеңгел бұталарының жапырақтары майда. Күмістей жылтыр түктер 
болатындықтан суды аз буландырады. Су жеткілікті болса жанаспалы жасушаларының 
арасындағы саңылаулары ашылып артық су буланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет