Жапырақтың түрөзгерістері Түрін өзгерткен жапырақтар: тікен, мұртша, қабыршақ, шырынды жапырақ,
бунақденелілерді (насекомдарды) ұстау құралына айналғандар.
Тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы тақтасының жиегі
тікенекті болады. Мысалы, түйетікен, шағыртікен және т. б. жатады. Жапырақ тақтасы
түгелдей тікенге айналғандар: сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған (1-сурет). Жапырақ
түктері тікенге айналған өсімдік – итмұрын. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі
маңызы: малға жем болудан қорғану; суды аз буландыру.