Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет48/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Шырынды жапырақтар. Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік 
заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Қор заттары өркендерінің дамуына 
жұмсалады. Бозкілем, сарысалма, түбіртектің шырынды жапырақтарында су қоры 
жиналады. Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланып, тіршілік етеді. 
Бунақденелілерді (насекомдарды) аулау құралына айналған жапырақтар (2-сурет). 
Бунақденелілермен қоректенетін өсімдіктердің жапырақ тақтасы ұстағыш құралға 
айналған. Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар 
жетіспейтін жерлерде өседі. Қажетті элементтерді бунақденелілердің денесінен сіңіреді. 
Жапырақтарының бөліп шығарушы ұлпасы тәтті шырын бөліп, бунақденелілерді 
еліктіреді. Өсімдік түріне байланысты: ұстағыш құралдары бірінде сағағы жалпайып, 
тақтасы қақпақты құмыра (ыдыс) тәрізді болып өзгереді. Екіншісінде екі қалақшаға 
бөлінген қаусырмалы. Әрбір қалақшаның бетінде сезімтал түктер бар. Үшіншісінде 


45 
 
жабысқақ шырын бөлетін түкті. Мұндай өсімдіктерге шықшылдық, шыбынжұт және т.б. 
жатады. Теңгежапырақты шықшылдық Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан 
облыстарының шымтезекті, сазды жерлерінде өседі. 
Дөңгелек жапырақтары сабақтың түбін айнала орналасады (2-сурет (1, 2). Жапырақ 
тақтасының үстіңгі беті мен жиектерінде қармалағыш безді түктері бар. Түктерінің ұшы 
жабысқақ сұйықтыққа толы. Тәуліктің кез келген мезгілінде жапырақтарынан мөлдір 
тамшылар шығады. 
Жапырақ бетіне қонған бунақдене (шыбын, маса) безді түкке жабысып қалады. Құтылу 
үшін қимылдаған сайын безді түктер тітіркеніп, жапырақ тақтасы қусырылады. 
Түктен бөлінген шырынның құрамында етті тағамды қорытатын сұйықтық болады. 
Бунақдененің денесі қорытылып, жапыраққа сіңеді. Бірнеше күннен кейін жапырақ беті 
жазылып, бунақдененің қалдығын жел ұшырып әкетеді. Түктері өте сезімтал. 
Шыбынжұттың (шыбын аулағыш) жапырақ тақтасы қаусырмалы, екі жақтаулы (2-сурет ). 
Жақтауларының жиектері ұзын түкті, беті қысқа сезімтал түкті. Сағағы жалпақ 
болғандықтан қонған шыбын жапырақ тақтасына жеткенде сезімтал түктердің әсерінен 
жақтаулар қусырылады. Шыбын әбден қорытылғанша қос жақтаудың ішінде қалады. 
Жетілмеген жапырақтар. Ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерде өсетін 
өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе 
мүлде болмайды (мысалы: сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла және т. б.). 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет