Бактериялар Саңырауқұлақ Жасыл балдыр Итмұрын Қына



Pdf көрінісі
бет74/128
Дата26.03.2022
өлшемі4,74 Mb.
#28875
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128
Байланысты:
biologia 6 sinip

Теңіз жұлдызы. 
2-сурет. Денесі сәулелі симметриялы жануар. 
Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы 
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік 
етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, 
бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), 
кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін 
басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит 
құрттар мен кенелер жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. 
Күйкентай орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді; 
ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала тышқандарын 
аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы (3-сурет). 


72 
 
 
3-сурет. Күйкентай. 
Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар да бар. 
Мысалы, безгек масасы (4-сурет), бақалар – суда да, құрлықта да; ал дала тышқандары 
топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер 
безгек масасының мекен ортасы, мұнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар. 
 
4-сурет. Безгек масасы. 
Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлары бар нақтылы 
үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай нақтылы бір үлескіні сол 
жануарлардың мекен ортасы дейді. 
СҰРАҚТАР 
1.  Жануарлар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды алады: 
2.  Теңіз жұлдызының денесі: 
3.  Өз тіршілігінде екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар: 
4.  Сулы ортада тіршілік ететін жануарлар: 
5.  Жануарлар тіршілігіне қолайлы жер: 
6.  Неліктен күйкентай орманға кірмей, ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді? 
7.  Іркінді суы бар батпақты жерлер қай ағзаның мекен ортасы болып табылады? 
8.  Барлық жануарларға өз мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне қандай қасиеті 
мүмкіндік береді? 
9.  Жануар денесінің алдыңғы бөлімінде қандай мүшелері орналасқан? 


73 
 
10. Төмендегілердің қайсылары топырақта тіршілік етеді? 
V ТАРАУ. БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР НЕМЕСЕ ҚАРАПАЙЫМДАР. 
БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕРДІҢ ТІРШІЛІГІ 
 
Жануарлар дүниесі біржасушалы және көпжасушалы болып екі тармаққа жіктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет