Вольвокс Вольвокс жасушалары 2-сурет. Вольвокс (үлкейтілген) шоғырының құрылысы. Вольвокстар шағын тұщы суқоймаларда көбірек кездеседі. Жасыл эвгленадан ерекшелігі
вольвокстың әрбір дарағы (особь) жеке емес шоғыр (колония) болып тіршілік етуге
бейімделген. Мысалы, вольвокстың бір түрінің шоғырында 500-1000 жасушаға дейін
болады. Әр жасуша қабығының кілейгейленуінен қою іркілдек зат түзіліп, шоғырдың
сыртын орайды. Мұның ең сыртқы қабаты тығыз тері қабатына айналып, шоғырдың
ыдырамай берік болуын қамтамасыз етеді. Ал ішкі – орталық бөлігі онша тығыз емес,
қоймалжың сұйық күйде болады. Жеке жасушалар сыртқы тері қабаты мен орталық сұйық
бөліктің арасында бір-бірімен өте жіңішке цитоплазмалық көпіршелер арқылы
байланысады. Шоғырдың пішіні шар тәрізді болады. Шоғырдағы әр жасушаның
құрылысы жасыл эвгленаның құрылысымен ұқсас, ерекшелігі әрқайсысында екіден
талшық болады. Бұл талшықтар шоғырдан сыртқа шығып тұрады.
Жасуша құрылысы бірдей және талшықтары болатындықтан эвглена мен
вольвоксты талшықтылар деп те атайды.
Органикалық шіріндісі мол кішкентай жыралар мен шағын тұщы суқоймалардың түбінде
еркін тіршілік ететін амебалар біржасушалылар ішіндегі құрылысы жағынан ең
қарапайым жәндіктер.
Амеба протей (3 а-сурет) – амебалардың ірі түрінің бірі. Қозғалып жүргенде дене тұрқы
0,5 миллиметрдей, жай көзге майда тамшыдай болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда
дененің (жасушаның) әр жерінде бірде пайда болып, бірде жоғалып тұратын өсінділер
көзге түседі.