76
оның толқыны сатылап, талшық ішіндегі цитоплазманы да толқытады. Осы толқыннан
бүкіл талшық ирелеңдеп, кейде бұрғы тәрізді бұралып, үздіксіз қозғалыста болады.
Талшықтың су ішіндегі осындай толқынды қозғалысы эвгленаның орын ауыстырып, әр
түрлі бағытта жүзуін қамтамасыз етеді. Сонымен эвглена талшық арқылы қозғалады.
Амеба мен арцелла жасушасының әр жерінде уақытша пайда болатын жалғанаяқтары да
осы жәндіктердің қозғалу мүшелері болып табылады.
Кірпікшелі кебісшенің кірпікшелері де денедегі цитоплазманың өсінділері екені айтылды.
Бұл кірпікшелер цитоплазманың толқынды қозғалуынан біркелкі ырғақпен сәл қиыс
толқиды. Олардың үйлесімді толқуы кірпікшелі кебісшенің ілгері, кейін, жан-жаққа
бұрылып жылжуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: