Тітіркенгіштігі. Кез келген тіршілік иесі сияқты біржасушалы қарапайымдар сыртқы
ортадан өз тіршілігіне қолайлы қажетті жағдайлардың немесе қолайсыз қауіпті
жағдайлардың әсеріне белгілі бір әрекет арқылы жауап береді. Мысалы, пішен
бактериялары көп жиналған сулы ортада суға ерітінді түрінде ерекше заттар бөледі. Осы
маңайға таяп келген кірпікшелі кебісшеге сол ерітінді әсер етеді де, ол бактериялар көп
жиналған жерді оңай табады. Кебісше пішен бактерияларымен қоректенеді.
Ғалымдар қарапайымдар өсірілген су тамшысын заттық шыныға және оның қасына таза
тұщы су тамшысын тамызған. Қарапайымдары бар тамшының ішіне бір түйір ас тұзын
салып, екі тамшының арасын су жолағымен қосқан. Ұлғайтқыш әйнекпен бақылағанда
қарапайымдардың тұз салынған тамшыдан таза су тамшысына өтіп жатқанын байқаған.
Сөйтіп қарапайымдарға тұз ерітіндісі қауіпті болғандықтан, олар таза су тамшысына қаша
бастаған.
Тек қарапайымдар ғана емес, кез келген жануардың сыртқы ортада болатын түрлі