Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары



бет37/73
Дата31.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#21102
түріБағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Бақылау тапсырмалары

І. Тест сұрақтары

Менингококты жұқпа

1. Менингококты жұқпадағы бөртпе:



  1. Талаураған тері үстіндегі ұсақ нүкте тәрізді бөртпе

  2. Дақ – папула, бір - бірімен қосылған

  3. Сулы бөртпелер

  4. Бөртпелер болмайды

  5. Ортасы некрозданған жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер

2. Менингококты жұқпада карантин:

  1. 10 күн

  2. 14 күн

  3. 21 күн

  4. 35 күн

  5. 7 күн

3. Басын артқа шалқайтып, аяғын бүгіп, бір бүйірінен жату позасы тән:

А) Менингитке

В) Қызамыққа

С) Дифтерияға

D) Қызылшаға

E) Мысқылға

4. Гиперестезия бұл:


    1. Дауыс саңылауының тарылуы

    2. Еркінен тыс қозғалыс

    3. Сезімнің күшеюі

    4. Өт тонусының күшеюі

    5. Құрысу

5. Люмбальдық пункциядан кейін бала:

  1. Ішімен көпшіксіз жатқызылады

  2. Шалқасынан жатқызылады

  3. Басын көтеріңкі шалқасынан жатқызылады

  4. Басын төмен қаратады

  5. Маңызсыз

6. Менингококтық бөртпелердің орналасуы:

    1. Дененің бүйір бетінде, ішінде

    2. Буынның ішкі иілістерінде

    3. Дененің төменгі бөлігінде, аяқтарында

    4. Мұрын – ауыз үшбұрышында

    5. Дененің барлық жерінде

7. Менингококты жұқпаның таралу жолы:

  1. Парентеральдық

  2. Қатынас

  3. Ауа-тамшы

  4. Нәжіс-ауыз

  5. Трансмиссивтік

8. Менингит – бұл ... қабынуы:

  1. Ми қабықтарының

  2. Мидың

  3. Ми тамырларының

  4. Ми қарыншаларының

  5. Ми сүйектерінің

9. Менингококты жұқпаның басты емі:

  1. Плазма

  2. Диуретиктер

  3. Жүрек гликозидтері

  4. Антибиотиктер

  5. Витаминдер

10. Менингококты менингитте үлкен еңбек:

  1. Ісініп, көтеріледі

  2. Төмен түседі

  3. Өзгеріс болмайды

  4. Қызарып, іріңдейді

  5. Дұрыс жауабы жоқ

11. Люмбальды пункциядан кейін бала:

  1. Жастықсыз шалқасынан жатады

  2. Шалқасынан, басын көтеріңкі етіп жатқызады

  3. Бір бүйірінен жатқызады

  4. Етпетінен жастықсыз жатқызады

  5. Қалай жатса да маңызсыз

Тест сұрақтарының жауаптары:

1 - Е; 2 – А; 3 – А; 4 – С; 5 – А; 6 – С; 7 – С; 8 – А; 9 – D; 10 – А; 11 – D.

ІІ. Сұрақтардың сәйкес жауаптарын табу.

1.Менингококты жұқпаның симптомдарын клиникалық түріне байланысты сәйкестігін тап:

Ауру

Симптомдары

1. Назофарингит

2. Менингококцемия

3. Менингит


  1. жеңілдік әкелмейтін құсу

  2. ортасы некрозды жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер

  3. басының қатты ауруы

  4. құрысу

  5. мұрынның бітіп қабынуы

  6. гиперестезия

  7. үлкен еңбектің шығыңқы болуы

  8. жұтқыншақтың қызаруы



2. Карантин мерзімдерін ауруға байланысты сәйкестігін тап:

Ауру

Оқшаулау мерзімі

1. Дифтерия

2. Күл


3. Эпид. паротит

4. Менингококты жұқпа



  1. 7 күн

  2. 10 күн

  3. 14 күн

  4. 21 күн

1. Жауабы: 1 – E, H; 2 – B; 3 – A, C, D, F, G.

2. 1 – А; 2 – А; 3 – Г; 4 – Б.

ІІІ. Сұрақтарға жауап беру:

1. Менингококты жұқпаның клиникалық түрлерінің белгілерін ата.

2. Менингококты жұқпа ауруы кезіндегі негізгі күтімді ұйымдастырудағы қағидалар қандай?

3. Менингококты жұқпа кезінде қатынаста болғандарға қандай шаралар жүргізіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет