Балалар әдебиеті СӨз сынып оқулығы бойынша Сейітжан Омаров


Бастауыштың 2 сыныбында Қазақ әдебиетінің 2 бөліміндегі Шона Смаханұлының –«Тәкаппар» мысалының мазмұны



бет7/30
Дата03.12.2023
өлшемі3,64 Mb.
#133586
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Бастауыштың 2 сыныбында Қазақ әдебиетінің 2 бөліміндегі Шона Смаханұлының –«Тәкаппар» мысалының мазмұны:
-Жөнімді өзім білем,-деп,-
Сусыз-ақ өмір сүрем,- деп,
Құрлықты балық мақтапты,
Теңізін туған даттапты.

Бір күні күшті жел тұрып,


Туалды теңіз жұлқынып.
Тәкаппар әлгі балықты
Құшаққа құрлық алыпты.

Жел кептіріп денесін,


Күн құрғатып өңешін,
Желбезегі желпілдеп,
Ыршыды көкке селкілдеп.

Құрлық судай болмады,


Жан қояр жер қалмады,
Аузын ашып су тілеп,
Жылапты зарлап уһілеп:

-Мөлдір суым, мекенім,


Енді қайтсем жетемін?!
Қадіріңді білмедім,
Неге шалқып жүрмедім?!
... Тыңдамап еді ешкімді,
Қателігін кеш білді.
Негізгі идея: Менің ойымша бұл мысал екі негізгі ойды пайымдайды. Біріншіден- адам бойындағы кездесетін жақсы мен жаман қасиеттер туралы жалпылама бастау.Жаман қасиеттен аулақ болу керек екенің, оларды өз бойынан көрудің зиян екенің және туғызатын кері әсері туралы айту. Осы мысал арқылы,тақырыптың аты айтып тұрғандай, жаман қасиеттің бірі тәкаппарлық туралы сөз қозғалатыны айтылып тұр.“Тәкаппар” сөзінің мағынасын аша отырып, оқушыларды жаман қасиеттерден аулақ болуға жетелеу.
Тәкаппарлықтың биік шыңы, өзіңді өзгеден биік санау. Өзгеге жоғарыдан, көкіректі керіп сөйлеу. Адамды менсінбеу, адам құрлы көрмеу, кекетіп, мұқатып кемшілігін бетіне басып, сөзбен жанды жерін шымшып отыру, қысқасы, өзіңді зор, өзгені қор көріп істейтін іс-әрекеттің бәрі - тәкаппарлық болып саналады. Тәкаппарлық- қуыс кеудеден пайда болады. Тәкаппарлық - бұл жаман қасиет екенің балаларға түсіндіру.
Ал екінші идеясы- туған жер туралы. Баланы туған жерін, Отанын сүюге, оған адал болуға тәрбиелеу.Қазақта су ішкен құдығына түкірме дейді. Бұл мысал осы сөзге дәл келіп тұр.Балық өзі тұрып жатқан теңізің қадірлемей, құрлықты жоғары тұтқан.Бірақ теңізсіз оның өзі жойылатының аңғармады. Туған жерін, елің құрметтеп, қадірлемеді. Жалпы бізде адамдар арасында да бар. Өз елінен гөрі, шет елде тұру жақсырақ, күштірек деп ойлап, өз еліне опасыздық жасап жүргендер аз емес.Яғни қолда бар алтынды қадірлемеу. Сол себепті туған жерді қастерлеуді болашақ ұрпаққа үйрету біздің қолымызда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет