Балалардың жасы: 4 жастан


Қимылды ойындар: «Бірінші бол». (дене шынықтыру)



бет7/14
Дата15.12.2023
өлшемі25,79 Kb.
#139553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Қимылды ойындар: «Бірінші бол». (дене шынықтыру)
Белгі бойынша іс-әрекет жасай білуін бекіту (шананы айналу және өз орнына тұру), қосымша жаттығуларды орындау (шанаға отыру, 5 рет отырып-тұру және т.б) жылдам және еппен іс-әрекет жасау.
Еңбек: мұзды жол әзірлеу. Қарды өздігінен күрекпен белгілі орынға алып бару, оны нығыздауға үйрету; ұжымдық еңбекке қатынасуға үйрету, өз әрекеттері мен құрбыларының әрекеттерін келістіре еңбектену. (еңбек іс-әрекеті)
Өз бетімен ойындар: балаларға ойын тақырыбы мен мазмұнын түрлендіру; өз пікірін айту дағдыларын жетілдіру, өз құрбыларының пікірлерімен келісу, олардың рөлдер, ойыншықтар мен міндеттерін бөлісуге сыпайы түрде айтуын жетілдіру.



Терезедегі қырауды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Жұмбақ.
Өнері жоқ, қолы жоқ,
Сурет салуды біледі. (терезедегі қырау).
Ырым. Егер терезелердің екі әйнегі де буланса, аяз күшейе түседі.
Бақылау: шыныдағы өрнектердің пайда болуы туралы түсінік беру. Жылы, сулы булар салқын терезелер шынысына буланып бір-бірімен біріктіріледі, мұзды кристалға айналады да керемет гүлдері бар мұзды бау-бақша пайда болады. Табиғаттың қысқы құбылыстарын байқауға және құбылыстарды атауға әрі қарай үйрету.
Қимылды ойын: «Қасқұлақ» (Волк) (қазақ халқының ойыны). (дене шынықтыру)
«Қасқұлақтан» тығылып алаңда бағдарлай білуді бекіту. Ойын ережесін сақтау («қасқұлақ» сөзді атаса сол адам өз орнында қалу керек), «күзетші» тобынан «қасқұлақты» қуу міндетті. Ойынды өзінің және басқа ойыншының әрекетімен келістіре білуін дамыту.
Еңбек: мұз жолын жасау. Тәрбиешімен бірге жауапкершілікпен жолға су құйып мұз айдынын жасауға үйрету. Еңбек етуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: ойында өз әрекетін жолдастарының әрекетімен келістіре білуге ынталандыру.

Бұрқасынды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақал.
Бұрқасын мен қарлы боран ақпанға келіп қонды.
Ырым.
Қыста бұрқасын көп болса, жазда жауын-шашын болады.
Бақылау: бұрқасын туралы түсініктерін қалыптастыру. Қатты жел, бұрқасын болған кезде аязды ауа соғады да, жүру қиындайды, бұлт күнді жауып, әрбір жерде қарлы бұрқасын соғады. Егер қар үрлеп құйындатса – бұл табиғат құбылысы бұрқасын деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет