Ас қорыту ағзаларының аурулары және күресу жолдары
Тобы: ПМНО-22-1у
Студент: Сақтапбергенова А.
Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады.
Жұтынудың бұзылуы – ДИСФАГИЯ Басты себебі:өңештің тарылуы, ол органикалық тарылу және функциональды тарылу түрінде болады. Дисфагия сипатының ерекшеліктері: Органикалық тарылуда әуелі құрғақ немесе қою тағамның өтуі қиындайды, кейін сұйық тағам өтуі қиындайды (тұрақты). Функциональдытарылуда керісінше, сұйық (әсіресе салқын) тағамның өтуі қиын, ал қою тағамның өтуі жеңіл болады (тұрақсыз).
Функциональды себептері: 1) Өңеш бұлшық етінің (невроз) 2) Сыртынан басылуынан 3) Ішіне бөгде зат түсуінен тарылу түйілуінен
Органикалық тарылу себептері: 1) ісік 2) Жедел және созылмалы эзофагиттер 3) Өңештің күйгеннен тарылуы 4) дивертикулдар
Гастрит - бұл асқазан қабығының қабынуы. Қабыну процесі бірнеше жылға созылуы мүмкін, бұл атрофияға, шырышты қабаттың жұқаруына, ондағы жараның пайда болуына әкеледі.
ГАСТРИТ
Гастриттің негізгі белгілеріне мыналар жатады:
Тәбеттің төмендеуі немесе жоғалуы.
Іштің кенеттен ауыруы және тамақ ішу кезінде іштің тоқ болуы.