Басқару экономикасы


сурет. Олигополиялық нарықтағы баға жоғары немесе төменде болғандағы сұраныстың қисық сызығы



бет78/112
Дата24.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#26296
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   112
8.1 сурет. Олигополиялық нарықтағы баға жоғары немесе төменде болғандағы сұраныстың қисық сызығы
Бастапқы баға мен көлем А нүктесіне сәйкес келеді дейік. Егер фирма бағаны төмендетсе, өнім сұранысы икемділігі жоғарырақ қисық сызығына сәйкес өзгереді деп үміттенсе, және шынында осы нәтижені алса, фирма бағаны төмендету есебінен айтарлықтай сату көлемін өсіреді.

Егер ол бағаны Р-дан -ге дейін төмендетсе, фирма сату көлемі Q-ден -ге дейін өсуін күтеді. Ал бәсекешілер бағаларын өзгертпесе, фирманың сұраныс қисық сызығы түрінде болады. Фирма жаңа сатушыларының санын бәсекешілер есебінен өсіреді.

Алайда, егер бәсекешілер де бағаларын түсірсе біздің фирма өзінің сату көлемін сұраныстың қисық сызығына сәйкес тек -ге дейін көбейте алады. Саладағы барлық фирмалар бағаларын төмендетсе, сату көлемі болмашы ғана үлкейеді; бағаны төмендетіп ойлағандағы өсімнен едәуір аз болып келді.

Егер фирма бәсекешілер оған ілесіп бағаны өсірсе, ол D бойымен нүктесіне жетем, сөйтіп баға деңгейіне көтеріледі деп есептеген. Әрине, ол сату көлемі төмендегінен біраз залалға дұшар болады, есесіне бағаның едәуір көтерілгеніне байланысты пайда алады.

Алайда, бәсекешілері бұл ойынға кіріспей өз бағаларын бұрынғы деңгейде қалдырсын деп болжайық. Біздің компания өте шүбәлі жағдайда болады, өйткені сату көлемі деңгейіне құлайды. Сондықтан фирма мұндай әрекеттен жақсылық күтпей, Р бағасын өзгертуден бас тартады.

Артықшылық алу тұрғысынан фирмаға сұраныстың қисық сызығы қолайлы келеді, егер баға төмендесе; қисық сызығы қолайлы болады, егер баға жоғарыласа.



қисық сызығының жоғарғы бөлігі және қисық сызығының төменгі бөлігі А нүктесінің айналысында сұраныстың сынық қисық сызығын қалыптастырады; 8.1 суретте қисық сызықтарының тиісті бөліктері қалың сызықпен көрсетілген.

А нүктесінде баға қалай анықталатыны туралы кең тараған пікірдің бірі саладағы баға лидері (price leader) деген түсінікпен байланыстырады. Осылай сынық қисық моделінен туатын салдардан қорықпай бұғауды бұзуға барған фирманы атайды.

Егер фирма бағаны көтерсе, ол артынан басқалары да соны істейді деп есептейді. Егер осы фирма бағаны төмендетсе, ол басқалары да оған ілеседі; бірақ баға соғысына апармайтын және бүкіл салаға залал келтірмейтін деңгейге түсірмейді дегенге сүйенеді. АҚШ олигополиялық нарығында баға лидерінің рөлін нарықта ең жоғары үлесі бар компания атқарады: мысалы, General Motors, кезінде IBM компаниясы, Wal-Mart тағы басқалары.

Олигополиялық нарықта баға емес лидерлері болуы мүмкін: American Airlines бірінші болып өз жолаушыларына жиі ұшқаны үшін шегерім беруді бастап еді, қазір шетел әуе компанияларының көбі осы жолға түсті. Тағы бір баға емес бәсеке мен лидерліктің қызық түрін фармацевтика компанияларында кездестіруге болады: олардың сауда өкілдері дәрігерлерді демалысты немесе кешті қымбат жерде бірге өткізуге шақырады. Мұндай әдісті басқа салаларда да көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет