Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал Павлодар, 2021 жыл Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топ жетекшісі – Солтанова Балжан Мағауияқызы



бет11/11
Дата12.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#106965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
13-нұсқа


Қар барысы немес Ірбіс – биік тауларда өмір сүретін жалғыз үлкен мысық. Көптеген азия халықтары үшін бұл жануар күштің, тектіліктің және биліктің символы болып табылады. Ол мөлшері мен сыртқы бейнесі бойынша леопардқа ұқсас.
Бұл мысықтардың басы кішкентай, құлақтары қысқа, аузында 30 өткір және мықты тістері бар. Құйрығы үлпілдеген және ұзын, ол секіру кезінде тепе-теңдік сақтауға көмектеседі. Көру, иіс сезу және есту қабілеттері жақсы дамыған. Ересек барыстың денесінің ұзындығы 112-130 см, құйрығының ұзындығы 80-105 см, ал салмағы 25-55 кг құрайды.
Қазақстанда қар барысын Тянь-Шань тауларында, атап айтқанда Өгем жотасында, Талас Алатауында, Іле және Жоңғар Алатауында, сондай-ақ елдің шығысында орналасқан Тарбағатай, Сауыр жоталарында және Оңтүстік Алтайда кездестіруге болады. Қар барысы аң аулауға жалғыз шығады. Өз құрбанына тұтқиылдан шабуыл жасағанды ұнатады. Ірі тұяқтыларды тамақтан тістеп, мойнын сындыру арқылы өлтіреді. Ересек жыртқыш бір дегенде 2-3 кг ет жеп қоюы мүмкін. Барыстың мәзірінде тау ешкілері, маралдар, арқарлар, суырлар, қояндар және тышқан тәріздес кеміргіштер бар.
Қазіргі уақытта, қар барысы Халықаралық Қызыл кітапқа енген. Оны аулауға бүкіл әлемде тыйым салынған. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметі бойынша, табиғатта шамамен 7,5 мың барыс бар, ал тағы 2 мыңға жуығы хайуанаттар бағында тіршілік етеді.


Тапсырмалар

  1. Ірбіс мөлшері мен сыртқы бейнесі бойынша қай жануарға ұқсайды?

A) мысыққа
B) леопардқа
C) барысқа
D) дұрыс жауабы жоқ

  1. Ересек барыстың денесінің, құйрығының ұзындығы мен салмағы қанша?

A) 112-120см, 80-105см, 25-55кг
B) 112-130см, 100-105см, 25-55кг
C) 112-130см, 80-105см, 25-55кг
D) 112-130см, 80-105см, 20-55кг

3. Қазақстанда қар барысын қайда кездестіруге болады? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


4. Қар барысының Халықаралық Қызыл кітабына ену себебін жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

https://faktiler.kz/korkyt-ata-zhajly-malimet/


https://tilalemi.kz/books/7371.pdf

https://faktiler.kz/ylu-zhajly-kyzykty-malimetter/


https://faktiler.kz/barys-turaly-qysqasha-malimet/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет