Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал Павлодар, 2021 жыл Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топ жетекшісі – Солтанова Балжан Мағауияқызы



бет2/11
Дата12.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#106965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
7. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы №595 30 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы;
8. «Арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы;
9. 2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат, Нұр-Сұлтан қ. – 2020 жыл.
1- нұсқа
Қ орқыт – ерте заманда өмір сүрген, қобыз аспабын жасаған атақты адам. Қорқыттың 20 музыкалық шығармасы белгілі. Бүгінгі күнге дейін, олардың 11-і ғана жеткен. Қорқыт VIII-IX ғасырларда Сырдария өзенінің бойында дүниеге келген. Ол туылмас бұрын, далада қатты дауыл басталып, найзағай жарқылдап, жерді қараңғылық басқан. Бірақ, сәби дүниеге келген соң, күн жарқырап, табиғат қайтадан тынышталды. Адамдар: «Бұл бала барлығымызды қатты қорқытты, сондықтан оның есімін Қорқыт деп қояйық» деп шешті. Қорқыт мәңгілік өмірді армандап, өліммен күресуге бел буған. Өзінің Желмая түйесіне отырып, жердің түкпір-түкпірін аралағанымен, өлімнен жасыра алмайтынына көзі жеткен. Қайғыға батқан музыкант, шырғай ағашынан алғашқы қобызды ойып , оған ішектер тартып, аспапта ойнай бастады. Ол бұл әуенге бүкіл жанын салды, ішектерінің таңғажайып дыбыстары бүкіл әлемге тарап, адамдарды баурап алды. Осылайша, оның есімі адамдардың жүрегінде мәңгі қалды.


Тапсырмалар:

  1. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр. ____________________________________________________________________________________________

  2. Қорқыт қобызды қай ағаштан ойып жасады?

A) қарағай
B) шырғай
C) шырша
D) қайың

  1. Қорқыттың жердің түкпір-түкпірін аралау себебі:

A) Саяхаттау
B) Мәңгілік өмірді аңсап, өліммен күресу
C) Жаңа аспап жасау
D) Дұрыс жауабы жоқ
4. Неліктен сәбиге Қорқыт есімі берілген?
____________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет