Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал Павлодар, 2021 жыл Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топ жетекшісі – Солтанова Балжан Мағауияқызы



бет6/11
Дата12.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#106965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6- нұсқа


Жалбыз (лат.Mentha)- ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол –хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоңыржай ендікте көп тараған. Қазақстанда жалбыздың 9-түрі өседі. Сабағы тік, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан болады. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынның жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маңызы бар. Ал кермек жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады.
Бұл майдың негізгі құрам бөлігі-ментол. Ментю парфюмерия, кондитер, тамақ өнеркәсібінде, сондай-ақ тіс ұнтағы мен пастасын жасауда пайдаланылады. Жүрек тамыр жүйесі ауруларына қарсы қолданылатын дәрі Валидол осы ментолдан алынады.
Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек.


Тапсырмалар:

  1. Жалбыз қандай гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік?

A) Ерінгүлділер
B) Раушан гүлдер
C) Күрделігүлділер
D) Дұрыс жауабы жоқ

2. Қазақстанда жалбыздың қанша түрі өседі?


A) 3
B) 9
C) 6
D) 5

3. Жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан қандай май алынады?


A) күнбағыс майы
B) оливки майы
C) эфир майы
D) өсімдік майы

4. Жалбыздың емдік қасиеті туралы не білесің?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7- нұсқа
Қасқыр
Қасқыр — қайсар, аса сақ хайуан. Қасқыр еркіндікті жақсы көретін аң. Қасқырлар 9 км қашықтықтағы дыбысты естей алады. Оны қолға үйрету қиынның қиыны. Қасқырдың иіс сезу қабілеті , адамнан 100 есе күшті. Қасқыр қақтығыстан қайтпайды. Не жеңеді, не өледі. Әйтеуір аяғына дейін жеткізеді. Ол тек қана балғын, жаңа етпен қоректенеді. Өлексені татып алмайды. Сонымен қатар, ол өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейді.
Қ асқырлардың тағы бір ерекшелігі ұрғашы қасқыр мен еркек қасқыр жұптарын жазбай өмір сүреді. Бір-бірін ешқашан алмастырмайды. Оларды тек қана өлім ғана ажырата алады. Бала тәрбиесіне екі жақ та атсалысады. Бір-біріне деген адалдығын қасқырлардың басты ерекшелігі ретінде атауға болады. Ұрғашы қасқыр ұйықтап жатқанда , еркек қасқыр күзетіп тұрады. Қасқырлардың өзара қатынасы өте қатаң реттеліп тұрады. Күшті қасқырлар әлсіздерге қамқор болады. Кейбір қасқырлардың салмағы 100 кг дейін жетуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет