Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


Жүргізуші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. 6 - оқушы



бет15/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Жүргізуші:Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.
6 - оқушы:
Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.
7 - оқушы: 
Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.
Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.
8 - оқушы:
«Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.
9 - оқушы:
Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
Кенің барма, жоқ болса жарлысың,
Кенің болса келешегің зор сенің.
Жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.
10 - оқушы:
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.
11 - оқушы:
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Бейнебаян тамашалау. 
Мұғалім: Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.
Балық сынада патша.
Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет