Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет22/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51

Тақырыбы:
 «Өз құқығыңды білесің бе?»
Сабақтың мақсаты:
-Халық ертегілері арқылы « Балалар құқығы туралы тұжырымдамамен» таныстыру.
- Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
- Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру.
-Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру. Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ойын, тренинг – сабағы.
1. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
2. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: –
Әлемде 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырымдама» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Тұжырымдама әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» /27 - бап/ - делінген.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Нью – Йоркте ЮНИСЕФ – тің атқарушы директоры Джеймс Грантпенг бірге «Балалар құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды. Әлемнің 156 – шы елі болып қол қойған бұл елеулі қадам жыл сайын 20 қарашада Республика балаларының өз құқықтарын қорғау мерекесі ретінде аталып өтіледі.

«Құқық»ұғымын ашу.


Қ-қоғам


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет