Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет30/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Әлемнің жеті кереметі

Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайн Кіші Азия , Орта Азия , Мысыр , Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.


  • Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

  • Бабылдың аспалы бағы , біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

  • Эфестегі Артемида ғимараты , кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

  • Олимпиадағы Зевстің мүсіні , біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.



  • Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы , біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

  • Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні , биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

  • Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.



Бұл алғашқы "Әлемнің жеті кереметіне", "Екінші 7 керемет", "Табиғаттың өзіндегі 7 керемет", "Қиял-ғажайып 7 керемет", т.б. "кереметтер" қосылып келеді. "Екінші 7 кереметке" Үлы Қытай қорганы, Стамбулдағы Әулие София шіркеуі енгізілсе, "Табиғаттың өзіндегі 7 кереметке" Бермуд "үшбүрышы", Норвегия түні, Тунгус метеориті, ал "Қиял-ғажайып 7 кереметке" Нүх кемесі, Кар адамы, беймәлім ұшқыш объетілер (НЛО), т.б. жатады .

Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет